Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Жер планетасынан басқа ғаламшарларда тіршілік бар ма, жоқ па деген сауал адамзатты ежелден қызықтырып келеді. NASA ғарыш агенттігі Марс планетасын бірнеше жылдан бері зерттеп келеді. Жақында агенттіктің мамандары қызыл планетада мысықтың көне бейнесі іспеттес тастың барын анықтады. Мысықтың сырт келбетіне ұқсайтын тастағы бейнені қоғамға дәлелдеу үшін ғалымдар қарапайым Paint бағдарламасын қолданған. Атап айтқанда, оның көмегімен мысықтың көзі, аузы және құлағы айқындалып алыныпты. Сондай-ақ, Гейл кратерінде түсірілген суретте мысықтың бейнесі ғана емес, оның арт жағында орналасқан тастың да белгілі бір бейне беретіні байқалады. Ғалымдар мұны адам санасының ғарышта қоршаған ортамызға ұқсас нысандарды табуға бағытталғанымен түсіндіреді. Кішкене қиялды қосып, суретке мұқият назар аударылса, оның әр түрлі кейіпте көрінуі ықтимал дейді олар. Дегенмен олар Марста да тіршіліктің барына сенеді.