Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Адам ауасыз, ал балықтар сусыз өмір сүре алмайтыны табиғаттың өзгермейтін заңдылығы. Дегенмен, бұл заңдылыққа бағына бермейтін тіршілік иелері де бар екен. Мәселен Ланг деп аталатын балық сусыз, яғни құрғақшылықта бір жылға жуық өмір сүре алады. Оның суға да, ауаға да бейім келетін өкпесі басты ерекшелігі болып табылады. Ланг жағаға шығып немесе топырақ бетінде қалып қойған жағдайда топыраққа тығылып жата береді және жаңбыр жауғанша ұйықтайтын да әдеті бар. Қосмекенді балықтың бұл қасиетін адамдар оны лай салынған шағын қорапқа салу арқылы байқаған екен. Зерттеушілер қорапты жарты жылдан кейін ашқанда қатып қалған лайдың арасында жатқан балық тірі болып шыққан.