Біртүрлі мамандықтар мен заттар
Мамандықтың жаманы жоқ деп жатамыз. Қолдан келсе кәсіптің бәрі жақсы. Алайда өмірде біртүрлі, мамандық деп атауға келмейтін мамандықтар да бар екен. Мәселен кейбір кондитерлік фабрикаларда жұмыртқаның ақуызы мен сарыуызын бөліп тұратын мамандар болады екен. Ал кейбір жиһаз дүкендерінде сатушылар жиһаздың ыңғайлылығын, жұмсақтығын тексеру үшін арнайы «кәсіпқойларды» шақырады. Сол секілді адамдар түкке тұрғысыз, қажетсіз заттарды да ойлап табудан жалықпай келеді. Жапондардың қолынан шыққан күннің энергиясымен жұмыс істейтін және тек күндіз жағып жүруге арналған қалташамға қалай күлкіңіз келмейді?