Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Әрбір көбелектің өзіне тән иісі болады екен. Бір қызығы олардың иістерінен түрлі гүлдердің иісі аңқиды. Мәселен ванильдің, шашақгүлдің, бүлдіргеннің, қазтамақтың, тіпті кейде шоколадтың. Ал аталық ақ көбелектерде қызыл қазтамақтың, лимон гүлінің иісі бар екен. Қос қанаттылар қарама-қарсы жыныстағы көбелектердің назарын аудару және жауларын қорқыту үшін қолданады. Қызығы, аналық көбелектердің иісі адамға ұнаса, аталық көбелектердің иісі жағымсыз қабылданады.
Кіп-кішкентай жәндіктің сезім мүшесі адамға қарағанда әлдеқайда жақсы дамыған. Олар тәттіні біздің тілімізден де артық біледі. Сондай-ақ түсті де жақсы ажырата алады. Керек десеңіз, адам көзі байқай алмайтын ультракүлгін сәулелерін де тез қабылдайды екен.