«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Ұялы телефонсыз өміріңізді елестетіңізші. Таң атқаннан қас қарайғанша смартфонымыз қолымыздан түспейтін жағдайға жеттік. Ойлаңызшы, бұл біздің өмірімізге қаншалықты қауіпті?
Номофобия – ұялы телефонсыз қалудан қорқу, психологиялық аурудың түрі. Ғалымдар телефонға әбден байланып қалған 22 және оны сирек қолданатын 26 еріктіні шақырып, зерттеді. Нәтижесінде телефонға тәуелді болып қалғандар мен қарапайым адамдардың миында өзгерістің бар екенін ақтады. Телефонды жиі пайдаланатындарда мидың сұры заты аз болады және оның көлемі кішірейеді.
Америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша адамдардың 66% -ы номофобия дертіне шалдыққан. Бұл ауру жас қыз-жігіттердің бойынан жиі байқалады. Сауалнама нәтижесінде 18-24 жас аралығындағы адамдардың 77%-ы, 25-34 жастағылардың 64%-ында номофобияның белгілері анықталған. Олардың келісімінсіз өзге біреудің телефонды ақтаруы, тексеруі бұл уайымды екі есе күшейтетін көрінеді. Сондай-ақ әйел адамдар ерлерге қарағанда ұялы телефоннан айырылып қалудан көбірек қауіптенеді.
Номофобия адам өміріне қауіп төндірмесе де, әсері көп. Нофобияның белгілері: шектен тыс қобалжу, уайым, бас айналу, оттегінің жетіспеуі, жүрек айну, тершеңдік, жүрек соғысының жиілеуі, кеуденің ауруы.
Бұл тәуелділіктен құтылудың жалғыз жолы — күнделік жүргізу. Смартфонды қанша уақытта және қандай мақсатта пайдаланып жатқаныңызды жазып отырыңыз. Оған арнайы шығарылған платформалар бар.