Психологиялық тест: «Көбелектің бірін таңдаңыз!»

Oinet.kz 20-10-2020 3925

image.png

Бірінші көбелекті таңдаған болсаңыз cіз өте ақылды және позитивті тұлғасыз. Көбелек жарыққа қалай үйір болса сіздің жаныңыздағы адамдар да сіздің айналаңызға солай топтасқан. Өте адал және қызуқанды жансыз. Жақындарыңыз үшін жаныңызды беруге дайынсыз. Өзіңізге қарағанда өзгелердің жағдайын көп ойлайсыз. Өзіңізге көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Себебі, сіз күлімдесеңіз күллі ғалам жадырай түсері сөзсіз.

Екінші көбелекті таңдасаңыз, өте қабілетті, шығармашылық адамы екендігіңіз айтпаса да көрініп тұр. Өзіңізді қорғай білетін, дәлдікті, туралықты талап ететін жансыз, Өміріңізге шексіз разысыз. Әлем сізден өз күшіңізге және жүрегіңізге сенім артуыңызды талап етеді. 

Үшінші көбелек таңдауыңыз болса, бұл көбелек сіздің сезімтал жан екендігіңізді көрсетіп тұр. Алайда, жаныңыз сезімтал, нәхік көрінгенімен рухани бай әрі мықты адамсыз. Жаныңызда жақсы немесе жаман адамның жүргенін бірден тани білетін қабілетіңіз бар. Жүрегі таза, ешкімге зияны жоқ адамсыз. Ғалам сіздің өзгелердің пікіріне құлақ аспай, өздігіңізбен әрекет етуіңізді қалайды. 

Төртінші көбелекке назарыңыз түскен болса, cіз қарама-қайшы адамсыз. Көңіл-күйіңіз құбылмалы. Бірде нәзік көрінесіз, енді бірде сізден асқан қауқарлы адам жоқтай көрінеді. Адамдар көбінесе сіздің болмысыңызға, сұлулығыңызға ғашық болады. Алайда, сіз сирек ғашық болатын және бір ғана  жанды өміріңіздің соңына дейін сүюге дайынсыз. Жалған сөйлеген адамдарды кешіре алмайсыз. Ғалам сізден өмірдегі болмашы нәрселерге көңіл бөлмеуіңізді сұрайды. 

Психологиялық тест: «Періште қанаттарының бірін таңдаңыз!»
Психологиялық тест: Лотос гүлінің бірін таңдаңыз!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу