Психологиялық тест: «Қай есікті таңдар едіңіз!?»
1. Жасыл есік. Ақкөңіл, мейірімді және ақылды жансыз. Айналаңыздағы жандар сіздің көмегіңізге зәру және үнемі кеңес сұрағанды жөн көреді. Сіз үнемі көңілді жүресіз, сол себепті де айналаңыздағы адамдарға позитив пен жарық сыйлап жүресіз. Алға қойған мақсаттарыңыз көп. Сол себепті де барлық істі соңына дейін жеткізуге тырысасыз. Туыстарыңыз бен достарыңыз сізді құрметтейді. Себебі, бұл өмірде сіздей адал және мейірімді жан жоқ.
2. Көк есік. Өте қызық әрі шығармашылық адамысыз. Cіз үшін мына ғаламда қиын іс жоқ. Өз қызметіңізге берілген жансыз. Жұмысыңызда белсенділігіңіз өте жоғары. Сараптама жасай білетін ақылыңыз бен өзіндік дициплиніңіздің арқасында карьералық жолыңызда үлкен жетістіктерге қол жеткізесіз. Егер де алға үлкен мақсаттар қоя білсеңіз мықты көшбасшы боларыңыз сөзсіз.
3. Қызыл есік. Өте ақылды жансыз. Кез келген құбылыс немесе адам туралы өзіндік пікір қалыптастыра білесіз. Байсалды әрі салмақты жансыз. Сіздей қауқарлы әрі мықты жан бұл өмірде жоқ. Себебі, сіз кез келген қиындыққа төтеп бере алатын қасиетке иесіз.
4. Күлгін есік. Өте харизмалы жансыз. Айналаңыздағы адамдарды өзіңізге магнитше тартатын қасиетке иесіз. Өте мұқият жансыз. Кеңес және жәрдем сұраған адамдардың бетін қайтармайсыз. Сізден керемет әртіс немесе режиссер шығады.
5. Сұр есік. Сіз қызметіңізге берілген жансыз. Ашығын айтқанда мықты кәсіпкерсіз. Таза ауаға тынығуға немесе демалысқа шыққан күннің өзінде жұмысыңызды ойлап жүресіз. Бір жағынан қарағанда бұл да дұрыс шығар, себебі, өзіңізді жақсы көретін ісіңізге арнайсыз. Бірақ, денсаулығыңызға күтіммен қараңыз. Уақытылы ұйықтап, уақытылы оянуға тырысыңыз. Себебі, сіз секілді креативті адам мына қоғамға қажет.