Ұлдарға арналған ерекше есімдер

Oinet.kz 22-08-2020 2293

Қазақ ер азамат, жігіт, баланың қазақша есімдері мен мағыналары

1572789657_alau.jpg

ТАБАР – қазақ сөзіне тап + ар есімше жұрнағы жалғанып жаңалған сөз, яғни бала білімді болып дүниенің сырын ашсын, жаңалық тапсын деген тілекпен қойылған есім.

ТАБЫЛҒАН - баласы өлген үйде дүниеге жаңадан келген сәбиге жоғалғаны табылды деп осылайша ат берілген. Кейде табылған да деп қоя береді.

ТАҒАЙ - араб тілінен - нағашы; бұл есімнің синонимдері — Нағашыбек, Нағашыбай.

ТАЗАБЕК - нағыз мықты, берік адам, нағыз бек.

ТАЙБЕК - тайға мінгенде құламайтын, жығылмайтын, мықты берік отыратын бала болсын деген мақсатпен қойылған есім. Еркелетіп қысқартып айту түрі - Тайжан.

ТАЙЛАҚ - ботадан үлкен бір жасар түйе атауы. Түйе малының атауынан қойылған есімдер ертеде көп қойылып отырған.

ТАЙМАС - өмірде алған өз бағытынан, алға қойған мақсатынан қайтпас бала.

ТАЙШЫҚ – тибет тілінен бұл есім көне түркі тілдерінде дәреже ретінде қолданылған тибеттің тайши сөзінін өзгерген түрі. Демек, тайши — аға тәрбиеші, ұстаз; атақты, әйгілі адам.

ТАЙЫР - араб тілінен алынған таир - жоғарыға ұшушы; құс.

ТАҚЫР - араб тілінен алынған тахир — таза, бүлінбеген, бұзылмаған. Дыбыстық өзгерту түрі — Такир, Тахир.

ТАЛАП - араб тілінен алынған талаб - іздену, талап ету, өтініш, тілек.

ТАЛҒАТ - араб тілінен алынған - өң, түр, келбет, рең, жүз, әдемілік, сұлулык.

ТАЛҚА - араб тілінен алынған — таңдаулы, тамаша.

ТАЛМАС - арымас, шаршамас (адам).

ТАНАБАЙ – қазақтың сөзі тана — екі жасар баспақ + бай. Сиыр малы атауынан қойылған есімдер көп болған. Синонимдері — Бұка, Бұқабай, Өгізбай, Сиырбай, Бұзаушы және т. б.

ТАҢАТ - таң атқан кезде туған балаға ертеде осындай ат берген. Біріккен тұлғалы есімдер — Таңатқан, Таңатар.

ТАҢБОЛ - ата - ананың сәулесі, мандайындағы жарығы, бақыты болсын деген ниетпен қойылған есім.

ТАҢСЫҚБАЙ - ұл балаға әбден таңсық, құмар боп жүргенде туған балаға қойылған есім.

ТАРҒЫН - көне түркі тілінен — ашулы, зілді. Қазақ эпосындағы батырдың есімі.

ТАСБОЛАТ - тас пен болаттай мықты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.

ТАСЕМЕН - тасқа шыққан емендей мықты боп, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есім.

ТАСҚЫН - бала өмірі тасқындай боп өтсін деген мәндегі есім.

ТАСТАЙ - бала тас сияқты мықты, мәңгілік болсын деп қойылған есім.

ТАСТЕМІР - ата - ана тарапынан баланың өмірлі болуын, тас пен темірдей мықты, берік болуын тілеп қойылған есім.

ТАСТҮЛЕК - мықты ұрпақ, жеткіншек.

ТАТУБАЙ - бақытты, тыныш, бейбіт өмір сүруші (адам).

ТАУ - шың, асқар, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Таубай, Таужан, Тауман. Қысқартып айту түрі - Тауан.

ТАУАСАТ - өмірдің ең қиын асуларынан аса алатын деген мәндегі есім.

ТАУФИХ - араб тілінен алынған тавфих — табыс, жетістік, бақыт; әрекет, көмек.

ТАХАУИ - араб тілінен алынған — тұкым; ұрпақ.

ТӘЖІ - иран тілінен алынған тадж. Біріккен тұлғалы есімдер — Тәжібай, Тәжімұрат және т. б.

ТӘКІМ - араб тілінен алынған таһим — нығаю, бекіну, бекініс.

ТӘЛІП - араб тілінен алынған таалип — талапкер, талап етуші, білім ізденуші; сұраушы.

ТӘҢІРБАЙ - (қараңыз: Көкбай).

ТӘТТІБАЙ - тәтті, ауыспалы мағынасы тойымды, қадірлі.

ТӘУЕКЕЛ - тәуек + кәл — батылдың, бел байлағандық.

ТӘУІР - жақсы, оңды.

ТЕГЕРАН – парсы тілінен - «тех» - түп, «ран» - баурай, яғни тау баурайының етегі деген мағынаны білдіреді. Иран астанысы Тегеран тау баурайынынң етегінде орналасқан. Оған қоса тегеран сөзі «жайлы жер» дегенді білдіреді. Менің ағамның есімі Тегеран (admin ескертуі)

ТЕМІР - бала өмірі темірдей берік, мықты болсын деп қойылған есім. Синонимі — Тимур.

ТЕМІРБОЛАТ - бала темірдей мықты, берік болады деген сеніммен қойылған есім.

ТЕМІРБЕК - (қараңыз: Бектемір).

ТЕМІРҒАЛИ, ТЕМІРӘЛІ – қазақтың сөзі темір + араб тілінен алынған ғали; мықты Ғали.

ТЕМІРҚАН - темір сияқты мықты хан. Синонимі — Хантемір.

ТЕМІРЛАН - темір + қосымша лан

ТЕМІРТАС - темір мен тастай мықты, берік.

ТЕМІРТҮЛЕК - темір + түлек. Синонимі — Тастүлек, яғни жеткіншек, өспірім.

ТЕҢІЗБАЙ - байлығы теңіздей шалқыған даулетті адам.

ТИЕС - тиісті, тиесілі, қатысты.

ТИЯНАҚ - тірек, тұрақ, табандылық.

ТОҒЫЗАҚ - әртүрлі бақытсыз себептерден сақтау мақсатымен өз балаларын ата - аналардың сатып алу ғұрпы мен төлем ақысына тоғыз түрлі зат беріледі де, өндай балаға әдетте Тоғызақ немесе Сатыпалды деген ат қөяды.

ТОҒЫЗБАЙ - бұл есімнің де қойылу сыры сол Тоғызақпен тығыз байланысты.

ТОҚАН - көне түркі — сұңқар.

ТОҚСАНБАЙ - тоқсан + бай; бұл есім бала тоқсан жасқа келсін деген тілекпен бірге оның әкесі тоқсан жасқа келгенде туғандықтан да қойылған.

ТОҚТАР - ұл бала тұрақтамай өле берген семьяда ерте кезде ырым жасап, бала тоқтасын деген мақсатпен қойылған есім. Олар тұрлі тұлғада койылып отырған: Тоқтасын, Тоқтамыс, Тұрсын, Тұрбек, Тұрғамбек, Тұрған, Тұрсынбек т. б. Біріккен тұлғалы есімдер — Тоқтарғали, Тоқтархан.

ТОҚТЫБАЙ - ертеректе тоқты айы деген ай аты болған. Ол қазіргі наурыз айына сәйкес келген. Мұндай есім сол айда туылған балаға беріліп отырған.

ТОҚЫР - араб тілінен алынған - қайырымды, кішіпейіл, ұяң мінезді.

ТОЛАҒАЙ - дәу, алып, қара күші мол болсын деп қойылған есім.

ТОЛЫБЕК - үй тола бала боп, олар шетінен бек, әкім болсын деген тілекпен қойылған есім.

ТОЛЫС - жетіле, өсе түс, ер жет.

ТОМАН - моңғол тілінен тумэн — он мың; бір нәрсенің шексіз көптігін білдіретін сан. Түрлері - Түмен, Туменбай.

ТӨБЕЙ - үлкен, зор.

ТӨЛБАЙ - үй балалы болсын, балалар көп болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелетіп айту тұлғасы — Төкен.

ТӨЛЕБАЙ - бұл есім өлген баладан кейінгі туған балаға қойылған.

ТӨЛҒОЖА - тұнғыш бала өзінен кейінгі салалардың үлкені болсын деп қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Төлжан.

ТӨРЕБЕК - көне түркі тілінен - төре — тәртіп, ереже, заң; әдет, ғұрып, салт + бек. Біріккен тұлғалы есімдер — Төреғали, Төребай, Төрегелді, Төремұрат, Төретай, Төрехан.

ТУҒАНБАЙ - туған + бай. Бай болып туған.

ТҰРҒАНБЕК - (қараңыз: Бектұрған).

ТҰРДЫБЕК - бала көп жасасын, ұзақ өмір сүрсін деп қойылған есім. Дыбыстың өзгеру түрі — Тұрлыбек.

ТҰРМАНЖАН - ертеде көшпелі тұрмыста ер - тұрманның маңызы аса зор болған. Сондықтан балаларға шеберлікті меңзеп осылайша ат қойып отырған.

ТҰРСЫН - баласы тұрақтамаған семьяда туған балаға осындай есім берілген.

ТҰРСЫНБАЙ - яғни көп, ұзақ жасасын.

ТҰРСЫНБЕК - яғни өмірі берік болсын.

ТҰРСЫНЖАН - жаны аман болсын, көп жасасын.

ТҰРЫМТАЙ - қыран құс. Бала қырандай өткір болсын деген мақсатпен қойылған есім.

ТҰЯҚБАЙ - тұяқ — уақ мал, қой - ешкі; ұрпақ, мұра. Бұл есім бала уақ малға бай болсын деп және әкесі елгеннен кейін туған балаға әкеден қалған ұрпак, мирас болсын деген мағынада қойылған.

ТҮГЕЛБАЙ - бала шексіз бай, ауқатты, әлді болсын деген мақсатпен қойылған есім.

ТҮЛЕК - жас өспірім, жеткіншек.

ТҮЛКІБАЙ - балаға ан атын қою дәстүрі ертеден бар. Батылдық пен айбаттылықты қаласа Арыстан, Қасқырбай, Борібай, ақылдылық пен айлакерлікті қаласа Түлкібай деп ат қойған.

ТҮМЕН - (қараңыз: Томан).

ТҮРГЕНБАЙ - түһген — жылдам, тез + бай.

ТҮСІП, ТҮСҮП - (қараңыз: Жұсіп).

ТЫНАЛЫ - тынышталды, көңіл орнына түсті, басылды.

ТЫНЫС - дем; үзіліс, дамыл, тыным.

ТЫНЫСТАН - дем алу, дамылдау.

ТЫНЫШТЫҚ - (қараңыз: Еламан).

ТЫНЫШТЫҚБЕК - (қараңыз: Бейбітбек).

ТІЛЕГЕН - тілеп, сұрап алған бала.

ТІЛЕК - мақсат, арман, ниет, ой. Бұл есім көбіне ұл баланың бөлуын армандап жүрген ата - аналар тарапынан қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Тілебалды, Тілепберген, Тілепберді, Тілекбай, Тілеубай, Тілекмет.

ТІЛЕМІС - тіле — сұрау, қалау міс — көнежұрнақ, казіргі кездегі ған=ген жұрнағына сәйкес. Тілеп алған, сұрап алған деген мағынаны білдіреді.

Уайыс...... Уали, Уәлі

УАЙЫС - араб тілінен алынған — күш, жігер.

УАХАП - араб тілінен алынған уаһуп — мырза, жомарт, қайырымды.

УАХАТ - араб тілінен алынған уахит — жалғыз, жалқы, бірінші (бала).

УӘЛИ, УӘЛІ - араб тілінен — әкім, қожайын; үкімет басқарушы; туысқан, бауыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Уәлиахмет, Уәлиолла, Уәлихан.

Ұзақ...... Ұлықбек

ҰЗАҚ - бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.

ҰЙЫҚБАЙ - бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.

ҰЛАН - түркі тілдерінің көбінде бар есім. Бірақ әр түрлі мағынада айтылады. Ұлан — сәби, бала; жауынгер, жігіт, азамат, жасақшы.

ҰЛАС - жалғас, селбес.

ҰЛЫҚБЕК - ұлы, зор + бек.

Үдербай...... Үстем

ҮДЕРБАЙ - көшіп - қону кезінде туған балаға қойылған есім. Түрлері — Көшербай, Көшімбай, Қонысбай.

ҮЛГІБАЙ - бала өнегелі, тәрбиелі болсын деп қойылған есім.

ҮМБЕТ - араб тілінен алынған уммат — халық, көпшілік, қауым. Біріккен тұлғалы есімдер — Үмбетбай, Үмбетәлі, Үмбетжан.

ҮМІТ - иран тілінен - сенім; тілек, қалау. Біріккен тұлғалы есім - Үмітбек.

ҮРІМБАЙ – тәжік тілінен алынған хуррам — көңілді, шат; гүлденуші, жарқын, шат көңілді, жарқын жүзді. Біріккен тұлғалы есімдер — Үрімжан, Үрімхан.

ҮСЕН - араб тілінен алынған Хасан, Хасен есімдерінің өзгеріп айтылған түрі. Мағынасы — сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсылық.

ҮСТЕМ - басым, артық.

Фазыл...... Фахир

ФАЗЫЛ - (қараңыз: Базыл).

ФАЙЗ - араб тілінен - жеңуші, жеңімпаз; мырзалық, молдық, байлық.

ФАЙЗРАХМАН - араб тілінен - рахымдылық, мейірбандылық, мархабаттылық.

ФАРИД - араб тілінен алынған тені жоқ, сирек зат, бағалы, құнды.

ФАХИР - араб тілінен алынған — келбетті, әдемі, асыл; мақтаныш боларлық.

Хабиб...... Хұсайын

ХАБИБ - араб тілінен - жан дос, сүйікті, сүйкімді жолдас.

ХАДИМ - араб тілінен - қызметші, жалшы, қызметкер.

ХАЙДАР - араб тілінен - арыстан. Бұл есімнін синонимдері - Әсет, Шер, Айдар.

ХАКІМ - араб тілінен - әкім етуші, әмірші; данышпан, дана, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер – Хакимжан, Хакімзада.

ХАҚНАЗАР - (қараңыз: Ақназар).

ХАЛЕЛ, ХАЛИЛ - араб тілінен алынған - сүйікті дос, жақсы жолдас.

ХАЛЫҚ - араб тілінен алынған халк — жұрт, қауым, адамдар.

ХАМЗА - араб тілінен алынған — дәрілік өсімдік.

ХАМИТ - араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайық; зиянсыз.

ХАММАТ - араб тілінен алынған — мақтайтын, мақтауға тұратын, лайық.

ХАНГЕЛДІ - ер баланың мықты, күшті, атақты болуын тілеп қойылған есім. Қысқартып - еркелете айтылатын түрі — Қаныш.

ХАНТЕМІР - (қараңыз: Темір - хан).

ХАРЕС - араб тілінен — егінші, дихан, соқашы; сақтаушы, күтуші.

ХАСАН, ХАСЕН - араб тілінен — әдемі, сұлу, көркем, жақсы, тамаша.

ХАТИП - араб тілінен — уағыздаушы, уағызшы; баға беруші, мақтаушы.

ХАФИЗ - араб тілінен алынған һафез — сақтаушы, күзетуші.

ХИКМЕТ - араб тілінен — философия, білім, құпия.

ХҰСАЙЫН - араб тілінен — кішкене, көркем, сұлу. Хасан есімінің араб тіліндегі кішірейткіш мән бере айтқан түрі.

Шабай...... Шілдебай

ШАБАЙ - араб тілінен — жас жігіт, бозбала.

ШАБДАН – тәжік тілінен човидна — мәңгі, бақи; мәңгілік, ажалсыз.

ШАҒЫР - араб тілінен шагир — шайыр, ақын.

ШАДЫМАН - иран тілінен алынған шад - көңілді, шат, қуанышты + ман. Қуанышты адам.

ШАЖАБЕК - көне қазақ сөзі шажа — таудың басы, шың + бек.

ШАЙБАН - (қараңыз: Сыбанқұл). Түрлері — Шайбани, Шибен.

ШАЙХЫ - араб тілінен - ұстаз, үйретуші, тәрбиеші; ақсақал, дін басшысы, ғалым.

ШАКАРІМ, ШӘКӘРІМ - араб тілінен - қызметкер, қызметші.

ШАМАТ - араб тілінен — қал, мең.

ШАМБЫЛ - ащы дәмді өсімдік.

ШАМЕЛ - елдің жарығы, жарқыраған шамы бол деген тілекпен қойылған есім.

ШАМЖАН - шамша жарқыраған, ашық жүзді, ақ жарқын адам.

ШАМИС - араб тілінен алынған шамси — күн, күншуақ, жарық; бірбет, қиқар.

ШАМШАТ - иран тілінен алынған шамшод, самшид — Кавказ самырсыны.

ШАПАҒАТ - араб тілінен алынған шафакат — аяныш, аяу, есіркеу, қайырымдылық, мейірімділік. Түрлері — Шапкат, Шафкат.

ШАПАҚ - таңғы жарық.

ШАРЫҚБЕК - араб тілінен алынған шарқ — шығыс, күн шығыс + қазақ сөзі бек; яғни шығыс елінің бегі, биі.

ШАТТЫҚ - қуаныш, көңілділік.

ШАФИХ - араб тілінен — мейірім, қайырым етуші; рақымды, кішіпейілді.

ШАФХАТ - араб тілінен - рақымдылық, мейірімділік.

ШАФИХ - араб тілінен - мейірім, қайырым етуші; рақымды, кішіпейілді.

ШАХАХМЕТ - иран тілінен алынған шах + араб тілінен алынған - ахмет. Ахмет патша деген мағынада. түрі — Шаяхмет. Қысқартып еркелете айту түрі — Шайкен.

ШАХАН - иран және қазақ тілдерінен алынған бұл есім шах және хан сөздерінің бірігуінен жасалған. Хандардың ханы, хандардың шахы деген мағынаны білдіреді.

ШАХАР - араб тілінен — қала, кент.

ШАХАРБАЙ - араб және қазақ тілдерінен алынған - қалада, бай мекенде тұрсын деп койылған есім.

ШАХМАРДАН - иран тілінен алынған шах + мардан — ержүрек, батыл. Фонетикалық түрі — Шаймерден. Еркелете айтылатын түрі — Шәкен.

ШАМҰРАТ - (қараңыз: Самұрат).

ШАХМҰХАМБЕТ - иран тілінен алынған шах + Мухамбет. Еркелете қысқартып айту түрі — Шахмет.

ШАШУБАЙ - қазақ тілінен алынған қолы ашық жомарт, мырза болсын деген тілекпен қойылған есім.

ШӘДІ - иран тілінен алынған шади — қуаныш, көңілділік, шаттық.

ШӘКІР - араб тілінен алынған — игі, асыл, мейірбан, сыйлаушы, құрметтеуші.

ШӘМШИ - араб тілінен алынған шамси - күн.

ШӘПИ, ШӘФИ - араб тілінен алынған - емдеуші, емші.

ШӘРИЗАТ - иран тілінен алынған ширази — бақыт, ырыс, қуаныш + зат - бала, перзент, яғни бақытты бала.

ШӘРІП - араб тілінен алынған шариф — құрметті, атақты, қымбатты. Біріккен тұлғалы есімдер — Шәріпбай, Шәрінбек, Шәріпхан, Шәріпқали.

ШЕГЕ - бала шегедей мықты, берік, тұрақты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.

ШЕГЕБАЙ - баланын денсаулыры шегедей берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете қысқартып айту түрі — Шеген.

ШЕР - (қараңыз: Әсет).

ШЕРӘЛІ, ШЕРҒАЛИ – иран тілінен шер — арыстан; батыл, ер жүрек + араб тілінен алынғанғали, әли — жоғары, биік, ен асқақ. Бұл есімнің жинақ мағынасы: батыр, ер жүрек, арыстан Әли.

ШЕРИ - көне түркі тілінен черу — әскер, қол.

ШЕРМҰХАМБЕТ - иран тілінен алынған шер - арыстан + Мұхамбет, яғни арыстан Мұхамбет.

ШЕРНИЯЗ - иран тілінен алынған шер + тәжік тілінен – нияз - өтініш, тілек, тілену, үміт, сый, тарту.

ШЕРУБАЙ - көне түркі тілінен шері немесе алтай тілінен черу - әскер. Шеру кезінде, жорықта туған балаға қойған есім.

ШЕРХАН – иран және қазақ тілдерінен алынған — арыстандай айбатты, мықты, батыр, ер - жүрек.

ШОҚЫ - биік төбе, дөң; шың. Бұлайша есім беру баланың мәртебесі, атағы жоғары болсын деген ойдан туса керек.

ШОҚЫР - балықтың бір түрі.

ШОЛПАНБАЙ - бала таңғы жарық жұлдыз шолпандай болсын деп қойылған есім.

ШОМБАЛ - зор, ірі, жуан.

ШОНА - моңғол тілінен — қаскыр. Бөрібай, Қаскырбай есімдерімен мәндес.

ШОҢ - қырғыз тілінен алынған — үлкен, зөр, дәу. Біріккен тұлғалы есімдер — Шоңбай, Шоңбек, Шоңқұл.

ШОРА - көне түркі тілінен — мырза, бек, шонжар; одақ, кеңес. Біріккен тұлғалы есімдер — Шорабай, Шорабек.

ШОРТАНБАЙ - шортан балығы атынан қойылған есім. Бала суда еркін жүзғен балықтай өмірде де еркін болсын деп қойылған.

ШЫҒАЙ - көне түркі тілінен - кедей, күйсіз.

ШЫҒАНАҚ - құрлықпен ұштасқан су кеңістігі, айлақ. Бала шығанақта туған себепті осындай есім берілуі мүмкін.

ШЫМЫР - нығыз, берік, денесі мығым; батыл. Біріккен тұлғалы есім — Шымырбай.

ШЫНТЕМІР - темірдей мықты.

ШЫРАҚБЕК - иран тілінен алынған ширақ — жарық, шам + бек.

ШІЛДЕБАЙ - иран тілінен алынған чеһел, нел — қырык + да жұрнақ. Қырық күндік, 25 маусымнын 5 тамызға дейін, яғни 40 күнге созылатын ыстық маусым + бай.

Ыбырай...... Ыстамбақы

ЫБЫРАЙ - көне еврей тілінен келген Абраам — ел атасы. Оның халық арасында Ибрагим, Ыбрайым, Ибраим, Ыбыраш тәрізді түрлері кездеседі.

ЫДЫРЫС - араб тілінен — талаптанушы. Фонетикалық түрі — Едірес.

ЫҚЫЛАС - араб тілінен алынған әхлас — пейіл, ниет, берілу, ашықтық, адалдық.

ЫҚСАН - араб тілінен алынған ихсан — жақсылық, қайырымдылық; көркемдік, нұрлылық.

ЫРЫСАЛДЫ - бақыттың, құттың алғашқысы.

ЫРЫСБЕК - бақытты бек.

ЫСҚАҚ - көне еврей тілінен - күледі, күлген. Иссак деген есімнің арабша айтылу нұсқасы.

ЫСТАМБАҚЫ - иран тілінен алынған ыстам — тұрған, өлмес + бақы — мәңгі, өмірлік. Мәңгі өлмес.

Ібни...... Ісмет

ІБНИ - араб тілінен — ер бала, ұл.

ІЗБАСАР - әкесінің мұрагері, ізбасары болсын деген мақсапен қойылған есім. Қысқарған түрі — Ізтай.

ІЛЕБАЙ - Іле езені бойында туған балаға қойылған есім.

ІЛИЯС – еврей тілінен алынған - ильяс — күш, құдірет.

ІҢКӘРБЕК - араб тілінен алынған инкар — құмар, ынтың; ата - ана перзентке зар болып, құмар болып жүргенде туған балаға қойылған есім.

ІСМЕТ - араб тілінен — ізгі, рахымшыл, адамгершілігі мол; таза, пәк.

Қыздарға арналған ерекше есімдер
Қазақша-орысша балық атаулары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу