Психологиялық тест: «Суреттен бірінші не байқадыңыз!»
1. Көбелек. Суреттен көбелекті көруіңіз ішіңізде жеңіл когнитивті көңіл-күйдің болып жатқандығын білдіреді. Ережеге сәйкес көбелекті жасы жиырмаға толмаған, жеңіл күйзеліске жиі түсетін адамдар байқайды. Көбелек үйлесімділіктің символы.
2. Қайық. Сіз аса ұстамсыз әрі эмоцияға берілгіш жансыз. Ол сізді өмірде күтпеген бұралаңдарға әкеп соқтыруы ықтимал. Өзіңізді қолға алып, асау мінезіңізді жүгендеуге тырысыңыз. Сезімге еркі бермеңіз, пасық есептерді доғарыңыз. Әйтпесе барлық істе серіктестеріңізден айырылып қалуыңыз ғажап емес.
3. Бұлттар. Сіз әрбір жаңа танысқа қуанатын адамсыз. Кез келген адамға жүрегіңіздің есігін ашып, жайдары қарсы алуға дайынсыз. Салдарында талай рет қателесіп, қапаланасыз. Өзгелерге қорқынышыңыз бен сенімсіздігіңізді білдіртпейсіз. Өз проблемаларыңызды өзіңіз шеше алатыныңызға сенімдісіз. Сонымен қатар басқаларға да қол ұшын беруге дайын тұрасыз.
4. Адамдар. Сіз әлемдегі барлық нәрсенің «түпкі себебін» табуға әуес адамның бірісіз. Басқа ешкімнің мазасын алмайтын сұрақтар жайлы ойланып, әлемнің «құрылымын» түсінуге ұмтыласыз. Бір уақытта бірнеше нәрсе туралы тереңінен ойланып, жауабын табуға тырысасыз. Жауабы табылған сұрақты қойып, жаңа жұмбақты шешуге кірісесіз. Әлем сіз үшін — үлкен жұмбақ. Оның шешімін тауып, не істейтініңізді білмесеңіз де, іздеуді тоқтатпайсыз.