Психологиялық тест: «Сіздің саусағыңыздың формасы қандай?»
1. Төртбұрышты саусақ. Сіз өте құпиялы жансыз. Жоспарларыңыз бен армандарыңыз туралы өзгелерге айтқанды ұнатпайсыз. Жаныңызға жақын тартқан жандармен сырласқанды жөн көресіз. Ақкөңілділігің бен кең жүрегіңіз бар. Тіптен, ұнатқан адамыңыз үшін өзіңізді құрбан етуге дайынсыз. Бұл саусақ иелері сабырлы, адал және мейірімді. Өзгелерге күлкі сыйлай білетін әзілқой адамсыз.
2. Сопақша саусақ. Cіз өте адал жансыз. Махаббат, жұмыс және достыққа келгенде де осы қалпыңыздан танбайсыз. Бір адамды ұнатсаңыз оған жан дүниеңізді беруге дайынсыз. Жеке карьераңызға келгенде де осы қалпыңыздан тайынбайсыз. Бастаған істі соңына жеткізгенше тынбайсыз. Бұл саусақ иелері батыл, айтқанынан тайынбайтын жандар.
3. Күрек пішіндес саусақ. Түсініспеушіліктерді оңай шешесіз. Қолайсыз жағдайлар орын алған жағдайда лезде шешуге тырысасыз. Өзгелерге қиындықтар мен ауыртпашылық жүктегенді қаламайсыз. Өз мәселелеріңізді өзіңіз шешіп үйренгенсіз. Бұл сіздегі батылдықты көрсетеді. Өзгелердің жеке басына құрметпен қарайсыз. Бұл саусақ иелері батыл, сұлу және ақылды.