Психологиялық тест: «Көбелектің бірін таңдаңыз!»
1 Көбелек. Келесі ай сіз үшін сәтті болмақ. Өзіңіз қолға алған істің бәрі сізді табысқа жетелейді. Ештеңеден қорықпаңыз! Сіз өте мықты жансыз.
2 Көбелек. Сіз әрдайым биікке ұмтыласыз, барлығынан жоғары тұруды қалайсыз. Мемендігіңіз жоғары деңгейде. Бірақ эгоист емессіз. Бар күш-жігеріңізді жұмысқа жұмсайсыз. Себебі әлемді жақсы жағына өзгерткіңіз келеді. Бұл сіздің қолыңыздан келеді.
3 Көбелек. Сіз қатал адамсыз, дегенмен жақындарыңыз сіздің қасында өзін қауіпсіз сезінеді. Жеке басыңызға қатысты және қаржылық жетістіктерді жақсы көресіз, бірақ оны ең бірінші орынға шығарып жібермейсіз.
4 Көбелек. Кез келген адаммен оңай әрі тез араласып кетесіз. Елгезек адамсыз, барлығына түсіністік танытасыз. Адамдарға ақыл айтпай-ақ, тыныш тыңдай аласыз. Өзгелерге көмектескен өте ұнайды.
5 Көбелек. Сіз ойшыл жансыз. Сіздің пікіріңіз бен идеяңыз өте маңызды. Өзіңіздің көзқарасыңыз бен теорияларыңызды талқыға салғанды жақсы көресіз. Ойлана алатын, көп оқитын кісілермен әңгімеңіз жарасады. Ештеңеге жеңіл-желпі қарамайсыз.
6 Көбелек. Айналаңыздағыларға бойыңыздағы жақсы қасиеттерді ғана көрсетуге тырысасыз. Адамдар сізді шулы ортаны ұнатады деп ойлайды. Табандылығы мықты деп бағалайды. Шындығында іштей әлсізсіз. Адамдарға мықты болып көрінгіңіз келеді. Дәл қазір оптимистің бетпердесін киіп жүруден шаршаған сияқтысыз.
7 Көбелек. Кез келген қиындықты қасқайып тұрып қарсы аласыз. Біреумен сөзге келіп қалсаңыз, жеңіске жетпейінше тоқтамайсыз. Қажет болғанда қателігіңізді мойындайсыз. Өйткені әділеттіліктің не екенін білесіз. Бастаған істі соңына дейін жеткізесіз. Айналаңыздағылар бұл қасиетіңізді бағалайды.
8 Көбелек. Үнемі барлығын шабыттандырып, алға сүйреп жүретін жансыз. Ұшқыр қиялыңыздың арқасында өзіңізді де, өзгелерді де қуанта білесіз. Бір істі жүзеге асыра алмасаңыз, келесісіне оңай көшесіз. Жайдарлы мінезіңіздің арқасында кез келген ортаға тез сіңісесіз.
9 Көбелек. Басқарып, тапсырма бергенді жақсы көресіз. Мұнымен қатар, өзіңізден қолдау күтетін жандарға көмек қолын созуға әзірсіз. Жақындарыңызға сүйеніш бола білесіз. Өтірікшілер мен сатқындарды мүлдем ұнатпайсыз.