Телефоныңыздың құпия түрде тыңдалып жатқанын қалай білуге болады?

Oinet.kz 22-06-2020 1068

TelecomDaily ақпараттық-сараптамалық агенттігінің басшысы Денис Кусков ұялы телефонның құпия түрде тыңдалып жатқанын қалай білуге болатынын айтты, деп жазады Прайм сайты.

image.png

Сарапшының айтуынша, телефонның тыңдалғанын әрдайым білу мүмкін емес, өйткені ол үшін қажетті аппараттың сигналын ауыстыратын жалған базалық станцияларында қымбат тұратын жабдықтар қолданылады.

Дегенмен, телефонның тыңдалып жатқанын білуге болатын бірнеше белгілер бар.

Бірінші белгі – сіз орнатпаған, бірақ смартфоныңызда тұрған бағдарламалық қосымшалардың болуы. Сондықтан сарапшы телефоныңызға орнатылған қосымшаларды үнемі тексеру қажет деп кеңес береді.

Екінші белгі – сіздің телефоныңыз өзінен-өзі қосылып-өшіп немесе қызып кетуі мүмкін. Бұған сіздің смартфоныңызға енгізілген тыңдалым бағдарламасы себеп болуы мүмкін.

Үшінші белгі – телефон қуатының тез бітіп қалуы.

– Егер телефоныңыздың қуаты өте тез таусылып қалса, бұл кейбір бағдарламаның фонда жұмыс істеп тұрғанын білдіреді, сондықтан оны да тексеру керек, – дейді сарапшы.

Қасым-Жомарт Тоқаев неше тіл біледі?
Психологиялық тест: Үйіңізде терезенің қалай орналасқанын қалайсыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу