Ким Чен Ынның өлгені рас па?

Oinet.kz 27-04-2020 1752

Қазір әлем жұртын коронавируспен қоса Солтүстік Кореяның жас президенті Ким Че Ынның өлген, өлмегені алаңдатқызып отыр. Бұл жауапсыз сұраққа барша әлем халқы нақты жауап алғысы келері анық. 

2018-03-01T151328Z_344233975_RC15B296C4E0_RTRMADP_3_NORTHKOREA-MISSILES_1.jpg

Бастан бастайық, Ким Чен Ын кім?

Ким Чен Ын десе көз алдымызға үлкен әскери шерулер, саяси көсем дәрежесі, зымырандардың ұшырылуы, жаппай қырып-жоятын қарулар, тіпті азиялық «сталинизм» деген атаумен белгілі әлемдегі ең жас диктатор-президент елестеп кетері сөзсіз. 

Ким Чен Ынның туылған күні нақты белгілі емес. Кейбір деректерде 1982 жылдың 8 қаңтары десе, басқаларда 1984 жылдың 5 қаңтары деп келеді. Тура өлген-өлмегені анық емес секілді, туылған күні де анық емес. Қызық!

Ким Чен Ынның өмірі, балалық шағы, тіпті білім алған ордасы да бәрі құпия түрде. Тек белгілісі Чен Ын Бернадағы швейцария халықаралық мектепте оқығаны, бірақ мектеп басшылары оның табалдырықты аттамағанын айтады. Солтүстік Кореяның барлаушаларының зеріттеуіне сүйенсек, Чен Ын тек үйде жеке сабақ оқып, ешқандай еуропалық жоғары оқу орындарының түлегі болмаған көрінеді.

Билік басына қалай келді?

КХДР-нің саяси көкжиегінде бас көрсете бастаған Чен Ынның билікке келу жолы өзінше ерекше. Сол кезде елді басқарған әкесі Чен Ирдің қауіпті ауруға шалдығуы туралы сыбыстар естілген бойда ұлы саяси көкжиекте жарқырап шыға келді. Бірақ таққа отыру мәртебесі лидер кеңесшісі, яғни Чен Ирдің бажасы Час Сон Тхякуге бұйырайын деп тұрған жерден, анасының ықпалымен, нақтырақ лидердің жалғыз әрі сүйікті мұрагері тақты өзгеге бермей өзі отырып алды. 2009 жылдан бастап Ким Чен Ын КХДР-ның президенті атанды. 

Алайда, Ким Чен Ын лидер атанған күннен соң 2012 жылдың сәуір айында, яғни атасы Ким Ир Сенның жүз жылдығына арнап өткізілген шеруде бой көрсетті. Неліктен араға осынша уақыт салып көрінді екен? Қызық!

1324246528377807_eUTI5uj.jpg

26 жасында билікке келген ел көшбасшысының саясаты тұнып тұрған ымырасыздық және батылдау. Ким Чен Ын КХДР-ның ішкі саясатында ерекше адамгершілік қасиетімен танылған емес. Ол билік басында отырған шағынан бастап 70-ке тарта адамды өлтіріп, ел лидерлерінің арасында рекорд орнатты. Өзіңе қарсы іс-қимыл жасайтын шенеуіктерді жазалауды ұйымдастырғанды ұнататын көрінеді. Сонымен қатар, шенеуліктерді атып тастауының басты себептерінің бірі - коррупция. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары оның бұл әрекетіне таңданыс танытып әрі коррупциямен күресіне қолдау көрседі. Бұл заң біздің елге де келсе қалай болады екен? Қызық!

Жеке өмірі

Қатал көсемнің жеке өмірі қашанда қызық болғанымен, бірақ бұл жайлы кең мәлімет жоқтың қасы. Нақты белгілісі, Ким Чен Ынның қатал жүрегін биші ару Ли Соль Чжу жаулап алып, естен тандырған көрінеді. 2009 жылы бірге отау құрып, қазіргі таңда екі перзенттің ардақты ата-анасы. Бірінші баласы 2010 жылы, екіншісі 2012 жылы дүние есігін ашқан. 

detail-ff00a2dc178baf5cbf556be9b0dab58b.jpg

Ким Чен Ынның артық салмағының әсерінен туындаған аурулары бары анық. Оның медициналық картасында қант диабеті, гипертония сынды аурулар белгіленіп, бірнеше жылдан бері оны мазалап келеді екен. 

Енді, осынау жас-диктатордың өлімі рас па, өтірік пе?

Ким Чен Ынның өлімі немесе оның ауыр денсаулығы жайлы ақпараттың бәрі жалған болып шықты. Яғни, КХДР-ның көшбасшысының қазіргі жағдайы жақсы әрі тұрақты деп хабарлайды Оңтүстік Корея ақпараты. 

CNN телеканалына берген сұхбатында Оңтүстік Корея Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық қатынастар және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мун Чен Ын: «Біздің үкіметтің ұстанымы берік. Ким Чен Ын аман-есен. Ол 13 сәуірден бастап Вонсан аймағында болды. Осы уақытқа дейін күдікті қозғалыстар тіркелген жоқ» делінген. Бұл ақпарат қаншалықты рас? Белгісіз. Алайда, «жел болмаса шөптің басы қимылдамайды» деген сөздің барын ұмытпаған жөн. 

Ұйықтап жатып сөйлеудің себебі неде?
Психологиялық тест: Қайсы есікке кіресіз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу