Ұйықтап жатып сөйлеудің себебі неде?

Oinet.kz 26-04-2020 1377

Кейбіреулердің кейде ұйықтап жатып сөйлейтін әдеті бар. Ол нені білдіреді, себебі неде? Статистика бойынша, әрбір жиырмасыншы ересек адам түсінде сөйлейді, ал балалардың әрбір екіншісі ұйықтап жатып сөйлегенді ұнатады.

YyhscCg5JUO2Rifr-lg.jpg

Сомнилоквияға (түсінде сөйлеу) бейімдік ата-анадан беріледі деп есептеледі. Алайда ғалымдар түсінде сөйлеу күндіз өткерген стресспен байланысты дейді. Яғни, адамның күндізгі көңіл-күйіне (бірнәрсені уайымдаса, қатты қуанса немесе жыласа т.б), іс-әрекеттерімен тікелей байланысты.

Күндіз үлкен психологиялық күш алған адам  ұйықтағанда миының сөйлеуге жауапты  қабатының орталықтары оянады да тіл «іске қосылады».

Адам көбінесе баяу, терең емес ұйқыда сөйлейді. Ол кезде сөздері үзік-үзік, түсініксіз болады. Ал түс көріп жатып сөйлесе сөздері анық болып келеді.

Мұның барлығы қорқынышты көрінгенмен, ұйықтап жатып сөйлеу ауытқуға жатпайды.

Түнде сөйлеуді болдырмау үшін….

Ұйықтар алдында шым-шытырық фильмдер көрмеген жөн. Тойып тамақтанбау қажет. Жатын бөлменің ауасын тазартып, желдетіп алған дұрыс. Ұйықтар алдында таза ауада жүрген жөн.

Дереккөз: islam.kz/

Психологиялық тест: Қай көйлекті тойға киер едіңіз?
Ким Чен Ынның өлгені рас па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу