Ораза кезінде айтылатын «фидия» деген не?

Oinet.kz 24-04-2020 2215

– Рамазан айында ораза тұтпауға рұқсат етілген себептер қандай?

Рамазан - Фидия төленетін жағдайлар — «Mańǵystaý» телеарнасының ...

– Тек төмендегідей шариғи себептер болғанда ғана ораза тұтпауға болады:

  1. Ауыруының айығуынан үміт жоқ, үнемі дәрі немесе уколға сүйенетін, ораза ұстаса денсаулығына зиян келетін науқастар,

  2. Ораза тұтуға әл-қуаты жетпейтін қарт кісілер.

Алайда, оразаның сауабын алу үшін фидия төлеуі тиіс. Фидия дені сау адамға жүрмейді.

– Фидия деген не?

– Құранда Алла Тағала «Бақара» сүресінің 184-аятында: «бір міскіннің тамағын берсін» деген. Яғни, фидия дегеніміз бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең, яки кешке тамақтандыру. Оны ақшалай да беруге де болады. Оның мөлшерін әр елдің мүфтияты нарыққа байланысты белгілейді. Фидия беруге шамасы келмеген кісі Алладан кешірім тілейді.

– Ал, қандай жағдайда ораза ұстауға рұқсат жоқ?

– Етеккірі келген (хайыз) және босанғаннан кейін қан көрген әйел (нифас) ораза тұтпайды. Бірақ, сол күндерінің қазасын міндетті түрде өтейді.

Елжан Біртанов негізінен кім?
Психологиялық тест: Қайсысын жегіңіз келіп тұр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу