Аяқсыз қалдырған аппарат
1927 жылы Америка мен Еуропаның атақты аяқ киім дүкендерінде флюороскоп құрылғылары пайда бола бастады. Сатып алушылар дүкенге кіргенде алдымен әлгі аппараттың көмегімен аяқтарын рентгенге түсіретін. Рентген қағазы клиенттің аяқ киім таңдауына таптырмас көмекші болған. Яғни аяқ өлшемі, құрылымын дәл тауып беретін. Алайда көп ұзамай тұрғындар флюороскоптың денсаулыққа зиян екенін айтып, шағымдана бастады. Сол аралықта тіпті бір әйелдің аяғын дәрігерлер кесуге мәжбүр болған. Кейіннен ғалымдар расымен де құрылғыдан шығатын радиацияның денсаулыққа зиян екенін анықтаған. Сол күннен бастап дүкендердегі аппараттың көзі түгел жойылды