Дариға Назарбаева туралы тың деректер

Oinet.kz 08-04-2020 34568

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрінің орынбасары, қазіргі сенат төрайымы Дариға Назарбаева туралы оқыңыз.

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған.

Дариға Назарбаеваның өмірбаяны: отбасы, балалары, білімі, еңбек ...

Отбасылық жағдайы

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Әкесі – Нұрсұлтан Назарбаев, анасы – Сара Назарбаева. Бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтен Нұрәлі, Айсұлтан есімді ұлдары мен Венера есімді қызы бар.

Білімі

М. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде білім алған.

1985 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1990 жылы Мәскеу университетінің аспирантурасына түскен, ал 1991 жылы тарих ғылымдарының кандидаты, 7 жылдан соң, "саясат ғылымдарының докторы" ғылыми атағын алған.

Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, неміс тілдерін біледі.

Еңбек өтілі

  • 1992-1994 жылдары "Бөбек" балалар қайырымдық қорының вице-президенті;

  • 1994-1995 жылдары "Хабар" ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры;

  • 1995-1998 жылдары "Хабар" агенттігі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;

  • 1998-2001 жылдары "Хабар" агенттігі" АҚ президенті;

  • 2001-2003 жылдары "Хабар" агенттігі" АҚ директорлар кеңесінің төрайымы;

  • 2003 жылы "Асар" партиясының көшбасшысы;

  • 2006-2007 жылдары "Нұр Отан" партия төрағасының орынбасары;

  • 2004-2007 жылдары "Асар" партиясының тізімі бойынша мәжіліс депутаты;

«Бесқонақ кезі» қандай кез екенін білесіз бе?
Сүйікті президентіміз жайлы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу