Мың бір дертке шипа сүлік
Жер бетіндегі ең жаны сірі паразит, ол – сүлік. Көне заманнан бері медицинада ем ретінде қолданылып келе жатқан «қансорғыш» 27 жылға дейін өмір сүреді екен.
Сүліктің бойындағы гирудин, экаракт антикоагулянт, яғни қанның ұйыюына қарсы қолданылады. Ал паразиттің сілекейі жараның ауырсынуын басатын қасиетке ие. «Әулиеқұртпен» бұдан басқа да көптеген сырқатты емдеуге болады. Олар: жоғары қан қысымы, стенокардия, миокард инфаркті, инсульт, тромбофлебит, қан тамырларының кеңеюі, трофикалық ойық жара, көтеу, бронх демікпесі, глаукома, бас сақинасы, невриттер, гипертензивті синдром, холецистит, панкреатит, гепатит, колит, простатит, белсіздік, бедеулік, эндометриоз, семіздік, аналық бездер, иоликистозы, жабысқақтар, парадонтоз, есекжем, остеохондроз, отадан және жарақаттан кейінгі асқынулар кезінде, инфаркт пен инсульттің алдын алу, қанды уыттар мен қалдықтардан тазарту, организмді жасарту т.б.