Жаңа вирус
1999 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік-Шығыс Азияда тараған нипах вирусын жаңа вирус деп атады. Аталған кесел адамдарға жарқанаттардан жұғады.
Вирус жұқтырған адамның миы асқынып, төзімге бергісіз ауру тудырады. Жұқпалы дерт алғаш рет Малаизияда 1998 жылы шошқа фермасынан шығып, бірнеше адам мен талпақтанаудың өмірін жалмап кетті. Әзірге ғалымдар нипах дертіне қарсы дәрі де, вакцина да ойлап тапқан жоқ. Тек науқастарға қолдамалы терапия жүргізіледі.