«Сүзекті Мэри»
Мэри Меллон – «сүзекті Мэри» атанған АҚШ тұрғыны. Бай-бағландардың үйінде аспазшы болып қызмет істеп жүрген ол сол аралықта сүзек ауруын 47 адамға жұқтырған. Оның 3-еуі қайтыс болады.
Алайда Мэри өзінің ауру еместігін және ауруды тасымалдаушы болып табылмайтынын айтып қырсыққанымен дәрігерлер оның ағзасынан ауруды анықтайды. Сөйтіп мәжбүрлі түрде карантинге жатқызылады. Алайда біршама уақыттан кейін ол асханада жұмыс істемеуге, ауруды адамдарға жұқтырмауға уәде беріп, босап шығады. Алайда өзін саумын дегенінен танбаған әйел лақап атпен бұрынғы жұмысына қайта кіріседі. Ауруды қасақана таратқаны үшін ол 1915 жылы қолға түсіп, өмір бойғы карантинге жатқызылады. Мэри өмірінің соңын Риверсайд ауруханасында өткізді. 1915 жылы пневманиядан көз жұмған. Оның денесі кремацияланып, күлі қасиетті Раймонд зиратына жерленеді. Кейін анық болғандай ол туылғанынан сүзекке шалдыққан екен. Анасы Мэриге жүкті болғанда сүзекпен ауырған көрінеді.