Цитрусты жемістер жайлы қызықты деректер
Көпшілік цитрусты жемістерде дәрумендер мен пайдалы заттарға бай деп есептейді. Адамдардың бұл жемісті қашаннан бері пайдаланатыны жайлы нақты хабар жоқ. Қазір цитрусты жемістердің барлық бөлшегі қолданылады. Қабығы, жұмсақ еті мен ішіндегі сүйегіне дейін баршасы адам денсаулығына өте пайдалы. Ал, сіз осы пайдалы цитрусты жемістер жайлы қызықты деректерді білесіз ба?
1. Цитрусты жемістердің ішіндегі ең пайдалысы – апельсин. Бұл грейпфрут пен лимоннан да пайдалы.
2. Цитрусты жемістер ең алғаш ІІІ ғасырда пайда болған делінеді.
3. С дәрумені цитрусты жемістерді танымал етеді әрі көпшілік сол себептіде тұтынады.
4. Грейпфрут құрамында 92 % су болғандықтан әлемдегі ең ылғалды жеміс болып саналады. Егер адам күнделікті судың 20% тағамнан алатын болса, бір грейпфруттың өзі адам ағзасындағы судың мөлшерін реттеп отырады.
5. Цитрусты жемістердің иісі тек бактериялар мен вирустарды құртып қана қоймай, сонымен бірге адам психологиясына да оң әсер етіп, депрессиядан шығуға көмектеседі.
6. Әлемдегі циртусты жемістердің 20 % жаңа піскен түрінде қолданса, қалғандары шырын мен сығындылар ретінде қолданылады.
7. Цитрусты жемістердің ішінде лимон мен грейпфрут көбіне басқаларына қарағанда аллергия беруші жеміс болып табылады.
8. Қышқыл апельсинды ең алғаш Еуропаға 10 ғасырда португалдық теңізшілер әкелген болса, тәтті апельсинді 15 ғасырда геноес саудагерлері әкелген.
9. Бергамот – цитрусты ағаш. Оның жемісі лимонға қарағанда қатты қышқыл болғандықтан тек шәй мен парфюмерия жасау үшін ғана қолданылады.
10. Жыл сайын әлемде 14 миллион тонна лимон жиналады екен. Цитрусты жемістің басым көпшілігі Мексика мен Индияда жиналады.
11. Цитрус ағашы 700 жыл өмір сүру алады.
12. Грейпфрут (жүзім жемісі) бұл атауды жемістері бір-біріне жақын бұтақтарда өсетіндігі және жүзімге ұқсас болғандықтан берілген.
13. Шоколад пен ванилдің иісінен соң әлемдегі ең жағымды иіс апельсиннің иісі болып саналады.
14. Лимон тістерде жақсы ағартады. Кеңседе түскі астан соң тіс щеткасы емес, лимон тілімі тісіңізді керемет ағарта алады.
15. Цитрусты жемістердің ішіндегі тек грейпфрут қана арықтауға көмектемеді. Неліктен бұлай? Себебі бұл жемісті қорыту үшін алғаннан гөрі, көп калория жұмсайды.
16. Лимонды эфир майы депрессияға қарсы қолданылады. Ол тек көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, сонымен қатар адамның жүйке жүйесіне де жақсы әсер етеді.
17. Испания халқы лимон жауапсыз махаббатты білдірсе, апельсин өзара риясыз сезімді білдіреді деп түсінеді.
18. Апельсиннің «Валенсия» түрі әлемге кең таралған.