Ешқашан емделмейтін және таңқаларлық аурулар
Бір сәт елестетіп көріңізші, бұлшық еттеріңіз қозғалуды тоқтатқанға дейін біртіндеп сүйектерге айналады. Немесе, бір жылға созылатын және соңы өлімге әкелетін ұйқысыздық. Әлемде ешкім емдей алмайтын таңқаларлық және қорқынышты аурулар бары. Сіз білесіз ба бұл жайлы?
1. Ешқандай ауруды сезбеу
Бұл ауру стоматологтың алдына барғанда көмектесері сөзсіз. Ал шындығында бұл ауру өлімге алып келеді. Себебі, ауырсыну бізді миымыздағы аурудың негізгі көзінен алыстатады. Мәселен, егерде бізді орманда жылан шағып алса, ауырамыз. Ал ауырсынуды сезбейтін адам жыланның уынан сол сәтте өледі.
2. Суға аллергия
Бұл аурумен ауыратын адам әрбір суға тиген сайын денесінде кішкентай бөрітпе пайда болады. Ауру сирек кекздеседі, ал оның еміне аллергияға қарсы ең күшті әсер ететін дәрі қоллданылады. Бірақ бұл көп уақытта әсер ете бермейді.
3. Котара синдромы
Бұл психологиялық ауытқу. Адам тірі болсада өзінің өлілігіне сеніп өмір сүреді. Науқастар жүректерінің соғып, асқазандарының жыртылғаны және басқа да қорқынышты заттар шағымданады. Олар тамақтан бас тартып, өздерін мәйітханаға апаруын сұранады.
4. Фибродисплазия
Мұны «тастар» ауру деп атайды. Бұл ауру кезінде денедегі барлық буындар, шеміршектер және сіңірлер сүйектерге айнала бастайды. Аурудың соңы адам мүлдем қозғала алмайтын хәлге жетеді. Әрі тірі мүсінге айналады.
5. Клейне-Левина синдромы (ұйқышыл сұлу)
Бұл адам ұйқысынын өзгеруі, аурумен ауырған адам күніне 20 сағат ұйықтайтын болады. Мұндай ұстама 3-6 айда болып, 3 күнге созылады. Науқас мұндай кезде тек тамақ ішуге және әжетханаға бару үшін ғана ұйқысынан тұрады.
6. Отбасылық ұйқысыздық
Бұл ешқандай емі жоқ тұқым қуалайтын ауру. Науқастар ұзық уақыт бойы ұйықтай алмайды, дүрбелең мен фобиядан зардап шегіп, соңында галлюциянаға түседі. Науқас біршама уақыттан соң ұйықтауды, сөйлеуді және қоршаған олртаға реакцияны мүлдем доғарады. Жарты жылдан соң науқас қайтыс болады. Қазірде бұл аурумен әлемде 40 отбасы зардап шегеді.