Психологиялық тест: «Сіз үшін ненің маңызды екенін біліңіз!»

Oinet.kz 12-02-2020 1317

Көктем келгелі жасаған жұмысыңыз өнбей, жоспарларыңыз жүзеге аспай жатыр ма? Ендеше өзіңізге қажетті және маңызды деп тапқан дүниелердің тізімін жасаңыз! Есіктердің бірін таңдап өзіңіздің не қалайтыныңызды біліңіз!

8ac980d1-1c94-41ca-90db-aa58abdf3f4c.jpg

1. Сіз үшін қарым-қатынас маңызды

Ақпарат алу, соңғы жаңалықтарды есту, өз пікіріңізді айта білу сізге өте қажет. Демек өзгелермен қарым-қатынасыңызды осылай қалыпқа келтіре аласыз!

2. Сіз үшін даму маңызды

Өзіңізге пайда әкелетін барлық істі жолға қойып, бабын таба білесіз. Сіз сыртқы проблемаларды оңай шешесіз және өзгелердің өмірінде шаруаңыз жоқ адамсыз. 

3. Сіз үшін еркіндік маңызды

Сіз кез-келген жерде өзіңізді бақылаудан қашқыңыз келеді. Өз бетіңізбен шешім қабылдаған ұнайды. Сіздің өміріңізге өзгелердің араласқаны сізге ұнамайды

4. Сіз үшін жеке комфорт маңызды

Сізді үлкен мақсаттар онша қызықтырмайды. Сізге осында және қазір өмірден ләззат алған ұнайды. 

5. Сіз үшін лидер болу маңызды

Сіз өзіңіз діттеген мақсатыңызға жетпей қоймайсыз. Өзіңіздің және өзгелердің мәселелерін шешесіз. Жауапкершілік аласыз. Алға қойған мақсаттарға жету жолындасыз.

6. Сізге жан дүниеңіздің шекарасын қорғау маңызды

Сіз конфликтілерден қашасыз. Сын сөздерді қабылдамайсыз. Сізге бір тоқтап, өз ойыңызды, сезімдеріңізді тыныштандырған ұнайды. Сізге тыныштық қажет. 

Психологиялық тест: Кездесуге қай көйлекті киіп шығар едіңіз?
Моцарттың әйеліне жазған ғашықтық хаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу