Әйел егіздер қандай адамдар?
Егіздер - интеллектуалды дарынды адамдар. Олар шет тілдерін, әдебиет пен актерлік кәсіптегі таланттарды тез меңгереді. Пікір алмасуда бірнеше рет өз ойын, көзқарасын өзгерте алады. Егіздер көбіне сәнқой келеді, соңғы үлгіде киінгенді ұнатады. Өте ашық-жайдары, ойдан әңгіме құрастырғыш. Олармен ешқашан ешкімге мезі болмайды. Егіздер үшін қандай да бір іспен үнемі шұғылдану қажет, олар өзіне назар аудартқанды ұнатады.
Өз ойымен бөліскенді ұнатады, жауапкершіліктен жиі қашқақтайды. Көп нәрсені өзіне жақын қабылдайды.
Қиын сәтте қолдау көрсете алады, кез келген қиын жағдайдан шығудың жолын табады. Жиі басталған нәрсені аяғына дейін жеткізбейді, бір уақытта бірнеше іспен айналысады. Жалғыздықты жек көреді. Саяхатты жақсы көреді, спортпен шұғылданады, ақыл-ойын дамыту үшін үнемі ізденісте жүреді. Эмоционалдық тұрғыдан біраз суық. Егіздер айналасындағылардың бәріне қамқор, шынайы мұң-мұқтаждарын түсінеді.
Егіз әйелдер кез келген жағдайда керемет дос, көмек қолын аямайды, қаншалықты жағымсыз болса да. Алайда егіздерге толықтай сенудің қажеті жоқ. Олар адамдарды өздеріне қатты жақындатулары қиын. Олар өте қызық тұлғалар, кез келген адреналинге дайын. Олар жан-жақты.
Ер адамдармен қарым қатынастар олар лидерлер. Сондықтан ер адам егізбен қарым-қатынасқа түсерде оның пікірін біліп алғаны жөн.
Отбасында ол жақсы ана. Алайда егіздерді ас үйге жақын деп айтуға келмейді. Балаларына жақсы дос, жақсы кеңесші.
Егіздер жұмысқа негізінен тек бір шынаяқ кофе мен достарымен әңгіме-дүкен құруға келеді, алайда соңында ең көп жұмыс істеген сол болып шығады. Олардың ең мықты тұстары да сол. Өте шапшаң қимылдайды.