Ибн Сина көзге ота жасай алған
Көз аурулары туралы алғашқы деректер ең алғаш рет араб елінде пайда болған деседі. Хунайна Бен Исхак, Ибн - Ал – Хайтаманың еңбектерінен офтальмологияның тамырын көруге болады. Десе де көз аурулары және оны емдеу жолдары туралы Ибн Синадан артық жазған ешкім болған жоқ. Медицинаның атасы өзінің «Канона» атты еңбегінде көздің анатомиясы мен физиологиясы туралы толық сипаттап кеткен. Ибн Сина сол кезде катарактаны анықтап, оны қиын әрі қауіпті кеселге жатқызған. Әйгілі ғұлама өз заманында көзге ота жасай білген екен. Оның «Канона» еңбегі 600 жылға дейін Еуропа мен Шығыс елдері дәрігерлерінің негізгі көмекші құралына айналып келді.