Психологиялық тест: Ұрыны табыңыз!
№ 1 сурет
Сізде интуиция жақсы дамыған. Кез келген мәселені шешерде өзіңізге толықтай сенім арта аласыз. Сондықтан сіз:
* бейтаныс адамдармен оңай қарым-қатынас жасай аласыз;
* Жақсы мен жаманды бірден ажырата аласыз;
* Кез-келген мәселенің дау-жанжалға ұласуына жол бермейсіз.
Өкінішке орай, адамды толықтай біліп болу мүмкін емес. Сондықтан үнемі сақ болуыңыз қажет.
№ 2 сурет
Сіз көп жағдайда өте тәжірибелі адамсыз. Сізде тактикалық ойлау басым. Сіз техникалық тұрғыда таптырмас қызметкер боласыз, алайда адамдармен қарым-қатынаста сіз соншалықты жақсы емессіз.
• Сіз тым нәзік жандысыз, бұл қасиетіңіз көп жерде кері әсерін береді.
• Бәрін өзіңіздей көресіз.
* Сізді алдау өте оңай.
Сізге айтарымыз өз ортаңызды таңдарда барынша абай болыңыз. Сізді ешкім ренжітпейтіндей батыл болуға тырысыңыз. Бейтаныс адамдарды өзіңізге жақын қабылдамаңыз.
№ 3 сурет
Сіз интеллектуалды адамсыз! Философияны ұнатасыз және өте білімді адамсыз. Барлығына өте жауапкершілікпен қарайсыз.
• Сіз адамдарды жақсы ажыратасыз.
* Сізге белгілі бір адам сай келе ме, жоқ па, тез байқайсыз
* Адамдармен әдепті сөйлесе аласыз.
Кейде сізді адамдар "мылжың" деп санайды, бірақ сөйтсе де сізбен сөйлесу оларға ұнайды. Сондықтан сіз сәл қарапайым болу керексіз, үнемі ақылыңызға жүгінбегеніңіз жөн.
№ 4 сурет
Сізде жоғары дедуктивтік қабілеттер бар. Сіз нағыз тактик және стратегсіз! Сізден бірнәрсе жасырып қалу мүмкін емес. Сіз әрдайым мәселені терең қарап отырасыз.
* Басқалардың жасаған әрекеттеріне сыни көзқараспен
• Жоғары коммуникабельділік тән сізге.
* Адамдардың ойын оқи білесіз.
Қанша жерден мықты адам болғаныңызбен, қоғамдық орындарда болғанды ұната бермейсіз.
сіз үшін дос-жаранның саны емес, сапасы маңызды. Сондықтан үнемі сақтықпен қарайсыз.