Әйтенов уәдесін орындай ала ма?
31-05-2023
Медицина тәжірибемен шыңдалатын мамандық. Әлемде өзгеге емес өзіне тәжірибе жасаған дәрігерлер жетерлік. Солардың бірі Швейцариялық медик Жан Понто у және оның адам ағзасына келтіретін залалы туралы көп ізденіпті. Әсіресе жыланның уына «қызыққан» ол 1933 жылы қауіпті эксперимент жасауға бекінеді. Зоолог ең улы деген үш жыланға өзін шаққызады да артынша у қайтаратын сарысуды егеді. Оның мақсаты сарысудың пайдасы бар-жоқтығын білу. Бірнеше сағат өмір мен өлімнің арасында жатқан дәрігер тірі қалады.