Саусақ іздерді адамда қашан пайда болады?
Жер бетінде қанша миллиард адам бар болса олардың саусақ іздері де соншалықты. Саусақ ұшындағы өрнек эмбриондық даму кезінде қалыптасып, адам өмірінің соңына дейін өзгеріссіз қалады.
Өрнек – эпидермис пен тері қабаттарын құрайтын қисық сызықтардан тұрады. Әр адамның саусақ таңбасы ғаламдық белгісі жағынан бірдей болуы мүмкін. Алайда бірдей микроөрнектердің болуы мүлде мүмкін емес жайт. Демек әр адам қайталанбас тұлға. Ал саусақ іздері адамда 3 айлық нәресте кезінде пайда бола бастайды.