Жұртты күлдіріп, науқасты жылатқан дәрігер

Oinet.kz 13-01-2020 951

Наркоз пайда болмас бұрын дәрігерлер аруды азайту, денені уақытша жансыздандыру үшін түрлі айла-шарғыларды жасаған. 1799 жылы химик  Х.Дэви азоттың шала тотығын ойлап табады. Ол «күлдіргі газ» деген атпен цирк алаңында қолданыла бастады. Яғни қойылым кезінде адамдар газды жұту әсерінен көңілденіп, күле беретін болған. 

Screenshot_8.jpg

Бұл көріністі көрген тіс дәрігері Г.Уэллс оны стоматологияға енгізбек болады да бостондық атақты хирург К.Уорренің көмегіне жүгінеді. Қос дәрігер ақылдаса келе тәжірибені көпшіліктің алдында жасауды ұйғарады. Тіс емдеу барысында Уэллс пацинетті азоттың шала тотығымен демалдырады. Газ бүкіл аудиторияға жайылып, көп ұзамай көрермендер де масая бастайды. Тәжірибе кезінде пациент жанына батқан аурудан айғайлай берді. Ал газға мас болған адамдар болса ду қол шапалақтап, күле берді. Осы оқиғадан кейін қатты қайғырған тіс дәрігері өз-өзіне қол жұмсайды. Бірнеше күннен кейін Париж медицина қоғамы анестезиялық затты тіс емдеу ісіне алғаш рет қолданғаны үшін Уэллске атақ береді.

Әлемдегі ең қанішер патша кім екенін білесіз бе?
Әлемдегі алғашқы хирургтар кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу