Жер бетіндегі дамымай қалған жерлер туралы білесіз бе?

Oinet.kz 11-02-2020 1344

Әлемде 8 миллиардқа жуық адам бар болғанына қарамастан, планетада адам аяғы баспаған жерлер жетерлік. Ондай жерлерді зерттеушілер "артта қалған елдер" деп атайды. Мұнда жыл сайын өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлері пайда болып, оларды мұқият зерттеу қажеттілігі туындауда. Ендеше артта қалған елдер қатарына назар салсаңыздар!

1. Намули таулары 

намули.jpg

Шығыс Африка жазығына енетін әлемдегі зерттелмеген, романтикалық аймақтардың қатарына енеді. Бұл аумақты тек қана кәсіби альпинистер зерттей алады. Сондықтан, аймақтың табиғаты әлі күнге дейін өзгеріссіз болып келеді.

2. Джавари аңғары 

джавари.jpg

Өркениетпен байланысы жоқ, кем дегенде 14 амазондық тайпалар тұратын бұл аймақтың тыныс тіршілігі үкімет тарапынан зерттелгендіктен, әлемдегі оқшауланған жерлердің қатарына енді. 2000-ға жуық байырғы халық Бразилия үкіметінен толығымен шеттетілген. Олардың тіршілік ету ортасын Австриямен салыстыруға болады. Оқшауланған аймақты  құқықты федералды агенттік қорғайды. Олар шекараны күзетіп, оларды басып кірушілерден қорғайды.

3. Солтүстік Патагония

патагония.jpg

Жауын-шашын көп жауатын аумақ алып мұздықтармен, ыстық бұлақтармен біріктірілген. Солтүстік Патагония - әлемдегі ең қызықты ландшафттардың бірі. Бұл жер Чилидің кішкене бөлігі және мұнда жету өте қиын. 

4. Камчатка

камчатка.jpg

Ресейдің шығысында орналасқан түбек әлемдегі ең бай өлке. Бұл аймақ әлі күнге дейін зерттелмеген. Бұл жерде 300-ден астам түбек бар. Оның ішінде 1996 жылдан бері тоқтаусыз атылып келе жатқан жанартау бар.  Жергілікті флора мен фауна алуан түрлі. Қоңыр аюлардың көпшілігі Камчаткада өмір сүреді. Ал халқының саны шамамен 400 мың адамды құрайды.

5. Солтүстік орман

солтүстік орман.jpg

Гималайдың шығыс бөлігінде орналасқан Солтүстік орманға адамдар әлі жуи алмай жүр. Себебі, Солтүстік орманның Качин аймағында әлемдегі жолбарыстардың ең көп түрі жасырынған. Сондай-ақ, аюлар мен қызыл пандалар және сирек кездесетін гиббон түрлері де бар. 

6. Намиб

Намиб.jpg

Намиб атауы сөзбе-сөз "ештеңе жоқ жер" деп аталады. Бұл жер әлемдегі ең көне шөл деп те аталады. Себебі, осыдан 80 миллион жыл бұрын бұл жерді динозаврлар мекен еткен. Әлемдегі ең құрғақ жер болып саналатын аумақта вольфрам мен уран кенінің орындары бар. 

7. Жұлдызды таулар

Жұлдызды тау.jpg

Папуа-Жаңа Гвинеяның шалғай бөлігінде орналасқан басты көрнекті жер. Бұл жерді көпшілігі Хинденбург қабырғасы немесе Жұлдызды таулар деп атайды. Әктасты тау бір шақырым жоғарыға көтеріліп, үлкен үстіртке қарай өтеді. Соңғы зерттеулер мұнда жануарлар мен өсімдіктердің мыңға жуық түрін анықтады. Ал, оның жүзге жуығы ғылымға жаңалық болып енді.  

8. Солтүстік Сентинель аралы

сельаоаш.jpg

Бұл аймақ Сентинель  тайпасының отаны. Онда саны 50-ден 400 адамға дейін өмір сүреді. Олар бөтен адамдармен барлық байланыстарды жоққа шығарады. Сонымен қатар бұл аумақтағы жергілікті тұрғындар зерттеушілерге қарсы бірнеше рет шабуыл жасаған. Сондықтан арал әлі күнге дейін белгісіз болып келеді.

9. Шондонг үңгірі

Шондонг.jpg

Шондонг үңгірі Ветьнамның Куанбин провинциясында орналасқан. Шондонг Ханойдан оңтүстікке қарай 500 шақырым жерде Фонгня Кебанг ұлттық паркі аумағында орналасқан. Мұнда биіктігі 200 метрге және еніне 150 метрге жететін залдар табылған. Бұл Шондонгты әлемдегі ең үлкен үңгірлер қатарына жатқызуға мүмкіндік берді. Кей жерлерінде үңгір төбесі құлаған. Осы саңылаулар арқылы жарық үңгірге енеді, соның арқасында маймылдар, құстар мен жәндіктер өмір сүретін нағыз джунгли пайда болған. 

10. Саха Республикасы

Саха.jpg

Территория шеңберінен тыс орналасқан үлкен аумақ (Үндістанның өлшемі шамамен бірдей). Бұл жердегі климат әлемдегі ең қиын ауа райының бірі. Жердің көп бөлігі мәңгі аяздан жабылған, бірақ бұл жерде адамдар мен жануарлар тіршілік етіп, өсімдіктер өсуде. 

Ірімшік жайлы қызықты деректер
Цунами жайлы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу