Тістің сарғыш болуы сәнде болған
Адамның тісі туралы қызықты деректер көп. Мәселен, тіс эмалы адам ағзасы жасаған ең қатты зат және ағзадағы қайта қалпына келмейтін жалғыз дене бөлігі. Мамандардың айтуынша ағзадағы барлық кальцийдің 99 пайызы тісте орналасады екен.
Тістің аппақ маржандай болуы үшін түрлі амал-тәсілдер жасап жатамыз. Ал сіз білесіз бе, ХІХ ғасырда Еуропада тістің сарғыш болуы сәнге айналған. «Заманыңа қарай бөркіңді ки» демекші, көпшілік сол кезде тістерін арнайы сары түспен бояған екен. Сондай-ақ тістерге бағалы тастарды қондыру ерте кезде де сәнде болған. Мысалы, Майя тайпасының адамдары тістерін гаухар тастармен көркемдеген.