Әлемдегі ең ерекше қаламсап
Техниканың тілін жетік меңгерген корейлер небір заманауи техникаларды жасап, адамзатты таңқалдыруын қояр емес. Енді олар қолмен жазылған жазуды компьютермен терілген әріптерге айналдыратын қаламсап ойлап тапты. Қаламсап қолжазбадағы әріптерді жадына орнатылған құрылғыға автоматты түрде сақтап отырады.
Сондай-ақ қаламсаптың ерекшелігі Bluetooth арқылы компьютерге немесе смартфон телефондарына жалғауға болады. Қаламсаптағы сақтаулы тұрған өзіңізге керек қолжазбаны компьютерге көшіргенде ол бірден терілген әріптерге айналады. Ғалымдар Recorder Pen қаламсабының пайдасы адамдардың сауатты жазуға баулиды дейді. Қазір көпшілігінің қолмен жазбайтыны түсінікті. Бұл жағдай адамдардың грамматикалық сауатсыздыққа ұшырауына себеп болуда. Ал мына қалам арқылы сіз грамматикалық сауаттылыққа және әсем жазуға дағдыланасыз.