Сіз кімсіз?

Oinet.kz 18-11-2019 833

Атақты британ психологі Пип Уилсон жеңіл әрі жылдам тестті дайындап шығарды. Бұл арқылы адамның дәл қазіргі психологиялық-эмоциялық жағдайын анықтауға болады.  Суретке қараңыз да өзіңіздің орныңызды анықтаңыз: дәл қай жерде отырған адам сізді еске салады? Суреттегі бейнеленген адамдардың өзіндік көңіл-күйі мен ішкі жағдайын бет-бейнесіне қарап аңғаруға болады. Қай адам сізге көбірек ұқсайды?  

image.png

Таңдау жасап болсаңыз, міне тест нәтижесі: 

• Егер таңдауыңыз 1, 3, 6 немесе 7-ге түссе, бұл сіздің мақсат қоя білетін әрі ешнәрседен қорықпайтын адам екеніңізді дәлелдейді. 

 • Егер таңдауыңыз мына нөмірлердің біріне түссе: 2,11,12,18 және 19, онда сіз адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатп әрі оларға қолдау көрсете аласыз.  

• 4 санына таңдасаңыз, онды сіздің ерік-жігеріңіз мықты әрі қалағаныныңызға қиындықтардың бәріне төтеп беру арқылы жететініңізді көрсетді.  

• 5 нөмірі — сіз жиі шаршайсыз әрі әлсіздікті сезесіз. Бойыңызда өмірлік күштің аз екенін көрсетеді.  

• 9 нөмірін таңдасаңыз — көңіл көтергенді ұнататын жайдарлы адамсыз. 

• 13 немесе 21 — өте тұйық екеніңізді дәлелдейді. Өзіңіздің ішіңіздегі қорқынышты жеңуге қауқарсыз адамсыз әрі адамдармен араласудан қашасыз. 

• 8 нөмірі — өзіңіздің әлеміңізге саяхаттағанды, өзіңізге ғана аян қиялға берілгенді ұнатасыз.  

• Егер 10 немесе 15 сандары сізді еске түсірсе — сіздің өміріңізде бәрі жақсы, өзіңіздің бағытыңызды дұрыс тапқаныңызды дәлелдемек.  

• 14 — сіз жиі эмоциональді дағдарысқа ұшырайсыз.  

• 20 саны таңдаған болсаңыз өзіңізді жоғары бағалайтыныңыз, туа бітті лидер екеніңізді аңғаруға болады.  

• Таңдауыңыз 16 санына түсті ме? Өзгелерді қолдаудан шаршағаныңызды білдіреді.  
Дереккөз: massaget.kz

Шыбындар желді ұнатпайды
Шота Руставели. Патшайымға ғашық болған ақын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу