Кашемир неден жасалады?

Oinet.kz 18-12-2014 1578

Кашемирді жоғары сұрыпты қойдың жүнінен жасалады деп ойлап жүрген шығарсыз.Бірақ  олай емес. Ол тауешкі жүнінің үлпілдегінен жасалады. Кашемир сөзі тауешкіні қолда өсірген Үндістан мен Пәкістан шекарасында орналасқан ауылдың атауынан шыққан.

image.png

Онда температура – 40 гардустан + 40 градусқа дейін құбылып тұрады. Ауа-райының осылай құбылуы жергілікті ешкілердің  екі қабат жүн түзеп, ерекше жұмсақ  болуына әкеп соқтырады. Яғни ішкі қабаттағы жүні тым нәзік әрі жұмсақ, ал сыртқы жүні   қаттылау, ірі  болып келеді. Мұндай ешкілердің жүнін қырықпайды, керісінше тарап тұрады. Әр ешкіден көп дегенде 100-150 грамм үлпілдек алады. Соның өзі бір шарф тоқуға жеткілікті. Ал үстіңізге жеңіл жемпір тоқып алуға екі, үш ешкінің жүні кетеді. Үлпілдектен жіпті өте жұқа етіп иіріп алады.Егер оны адамның шашымен салыстыратын болсақ,  біздің бір тал  шашымыздың  қалыңдығы 50 микрометрді құраса,  сапалы, әбден иірілген кашемир жібінің қалыңдығы 16 микрометрге тең болады.

Кашемирді Еуропаға әкелген Наполеон болатын. Ол шығыс елдеріне жасаған жорығынан Жозефинаға арнап кашемирден тоқылған  шәлі әкеліп береді.  19 ғасырда өмір сүрген Францияның патшайымы  Евгенияның шәлісіне қызықпаған адам болмаған. Себебі оның жұмсақ  шәлісінің жұқалығы соншалық қолындағы жүзігінен өтіп кететін болған.  20 ғасырда кашемирді сән әлеміне әкелген атақты киім дизайнері Коко Шанель болса,  одан кейін сәнді трикотаждарымен танылған  Грейс  Келли болды.

Бұл материал бүгінде сәннен қалыс қалған емес және жоғары сұранысқа ие. Өйткені ол ешқандай аллергия тудырмайды, қой жүнінен тоқылған киімнен 8 есе жұмсақ әрі жылы болып келеді.   Қазіргі таңда ең сапалы кашемир Моңғолияда және Қытайда өсіріледі. Ал оның шикізаты Шотландияда өндіріледі.

Электртаратқышта отырған құс неге өлмейді?
Салауатты махаббат сырлары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу