Темекі қалай танымал болды?
Қазір ғой, темекіні екінің бірі шегеді. Ешқандай тыйымдармен шылым шегетіндерді бұл зиянды әдеттен арылта алмайсыз. Ал бастапқыда темекі шегу қудаланған екен. Бір кездері Англияда темекі үшін түрмеге отырғызып, тіпті өлім жазасына да кесетін кезең орын алған. Аузына трубка тығылған басты қаланың басты алаңына шығарып қоятын дәстүр де болған. Түркияда да темекі шегуге әуестік танытқандарды абақтыға жауып, азаптаған, өлім жазасына кескен. Темекі үшін түрмеге түсу қаупі Жапония мен Ресейде де болды. Ал 1624 жылы Рим папасы Урбан VII темекіні шеккен немесе иіскегендерді шіркеуден шеттететін.
Еуропада темекіге қарсы күрес жүргізгендердің бірі – король Джеймс І темекі шегу жайлы былай жазған: «Көзге жиіркенішті, Мұрын үшін өте жаман, Ми үшін зиянды, Өкпе үшін қауіпті» деп, өз ұлдарына өсиет қалдырған.
Темекіге қарсы тәп-тәуір басталған науқанды жарнама саласының қызметкерлері тоқтатты. Олар керісінше, шылым шегу – денсаулыққа зор пайда әкелетінін насихаттауға көшті. 1724 жылы London Daily Advertiser атты басылымда келесі мәтіндегі жарнама жарық көрді: «Атақты Цевальдық және Офтальмологиялық темекі, оның бір трубкасын шегу Басқа, Көзге, Асқазанға, Өкпеге пайда әкеледі, Ревматизмді, Подаграны, Нашар есту қабілетін, Бас, Тіс ауруларын қойдырады». Көрдіңіз бе, темекіге деген әлемдік әуестік осылай басталған...