Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Нидерланды еліндегі Леуварден қаласында ерекше көпір бар. Көпірдің ерекшелігі сол, ол қажет кезде жоғары көтеріліп, қайта төмен түсе алады. 15 метрлік платформалардан құралған ол өзеннің үстіне тұрғызылған. Сары және көк түстерге боялған қозғалмалы көпір көліктерге өзеннің арғы бетіне өтуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан судағы пороход, қайық өзге де су көліктеріне бағдаршам секілді көмектеседі.
Яғни «ұшатын» көпір су бетіне тым жақын, пәс орналасқандықтан су көліктері оның астынан өте алмай тіреліп қалады. Осындай сәтте әмбебап көпір көшедегі мәшинелерге белгі беріп, жоғары көтеріледі де қайта қалпына түсіп, темір тұлпарлар үстінен қайта зулай жөнеледі. «Ақылды» көпір голландық ақын Яна Слауерхофтың есімімен аталады.