Атышулы эпидемиялар кімнен басталған: «Тиффозды Мэри»

Oinet.kz 10-12-2019 974

Адамзат тарихында мыңдаған адамның өмірін жалмаған неше-түрлі эпидемиялардың орын алғаны белгілі. Алайда, кез-келген ауруға алғаш болып шалыққан жандар  бірінші болып ауырған жанның болуы заңды. Оларды «нөлдік пациент» деп те атайды. Сонымен...

Screenshot_16.jpg

«Тиффозды Мэри»

Тарихтағы ең атақты «нөлдік пациент» -  Мэри Маллон. Оның лақап аты  - «Тиффозды Мэри».   15 жасар Мэри Маллон Америкаға Ирландиядан көшіп келеді. 1900-1907 жылдар аралығында Нью-Йорк штатындағы түрлі ұйымдар мен жеке үйлерде аспазшы болып жұмыс істейді. Анасы жүкті болғанында ауыр инфекцияға шалдыққан екен. Бірақ Мэри сап-сау болып туылады. Өскенде де  денсаулығы сыр бермеді. Әйткенмен, 20-ғасырдың басында Нью-Йорктегі атышулы іш сүзегі инфекциясының орын алуына  дәл осы Мэри Маллон себепкер болды. Айта кетерлігі, оның өзінде бұл аурудың симптомдары байқалмапты.  

1906 жылы санитарлық профилактикамен шұғылданатын дәрігер Джордж Сопер эпидемияның шығу себебін білгісі келіп, өз бетінше іздене бастады. Жұқпалы індеттің құрбаны болған отбасыларды зерттей келе, олардың барлығына тән бір жайттың болғанын анықтады: бұл жанұяларда Мэри есімді аспаз әйел жұмыс істеген екен. Бастапқыда дәрігер бұл күдігін айтқанында Мэри бұлқан-талқан болып, оны тіпті тыңдағысы да келмеді.  ОЛ кездері американдықтар Ирландиядан көшіп келген мигранттарды жақтыра бермейтін, Сопер де Мэридің сырттан келгендігін бетіне басып, намысына тиген екен. Алайда, түптің-түбінде полицияның араласуымен Сопер Мэридің медициналық тексеруден өтуге мәжбүрледі. Нәтижесінде оның ағзасында іш сүзегінің қоздырушысы табылды.  Осылайша аспазшы Мэллон «нөлдік пациент» болып шыға келді. Бұдан соң оны Норт-Бразер аралындағы емдеу мекемесіне 3 жылдық карантинге жібереді. Кейінгі медициналық тексеруден соң дәрігерлер «Мэридің өзгелерге қаупі жоқ» деген шешімге келіп, бостандыққа шығарады. Қыздың өзі бұдан кейін аспазшы болып жұмыс істемеуге уәде береді. Алайда, ол жәй ғана көпшілікті алдап, есімін өзгертеді де Слоун әйелдер ауруханасына аспазшы болып жұмысқа тұрады. Кейін бұл қадамын «өзге жұмыс орындарындағы  жалақы аз» деп түсіндіреді. Көп ұзамай  Слоан ауруханасында 25 адам іш сүзегіне шалдығады. Дәрігерлер Мэриді қайтадан емдеуге жібереді. Бірақ, науқас әйелдің бұдан кейінгі бүкіл өмірі аурухана қабырғасында өтеді. Біраз жыл өте тіпті осындағы зертханаға техник болып жұмысқа да қабылданады.  Мэри 1938 жылы 69 жасында емдеу мекемесінде көз жұмды. Тарихта «Тиффозды Мэри» деп танылған бұл науқас  бас-аяғы 47 адамға қауіпті инфекцияны жұқтырып үлгерген. 

Дерек:

«Нөлдік пациент» термині алғаш рет Солтүстік Америкада АИТВ-ЖИТС вирусы таратқан науқасты сипаттау барысында қолданылған. Аурудың асқыну сценариі мен «Нөлдік пациентті» Уильям Дэрроу атты доктор анықтады. Эпидемиологиялық тексерудің барысында нөлдік пациенттің АИТВ вирусын өзгелерге қалай жұқтырғаны, індеттің әлем бойынша үлкен жылдамдықпен  таралғаны зерттелді. 

Тарихтағы ең қасіретті эпидемиялар: Шешек
Атышулы эпидемиялар кімнен басталған: Тырысқақты таратқан бүлдіршін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу