Қазақтың ырымдары

Oinet.kz 04-12-2019 3782

photo_282954.jpg

ырым

  • Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.

  • Қалжа жемеген әйелдiң баласы ынжық, болбыр, икемсiз болып өседi.

  • Баланы бесiкке саларда ешкiм сөйлемейдi. Егер бiреу сөйлеп қойса, бала жылауық, өскенде өсекшi болады.

  • Сәби шалқасынан жатып башайын тiстесе, оны “үйiрiн шақырып жатыр” деп ырымдайды. Яғни оның соңынан тағы бiр бала келедi деген ұғым бар.

  • Сәбидiң қырқынан шыққанда қарын шашын алмаса – қарғысы қатты болады.

  • Балаға қарғыс өтпеу үшiн оны үш кемпiрдiң бұтынан өткiзiп алады.

  • Үйге кiрiп келе жатқан бала есiк алдына құлап қалса – үйге береке, ырыс, байлық келедi. Оны төрге апарып үш рет аунатады.

  • Жүктi әйел шашын кессе – iштегi бала кемтар болып туады, бақыты кесiледi.

  • Сәби шалқасынан жатып ұйықтаса – елге белгiлi азамат болып өседi, бүк түсiп ұйықтаса – уайымшыл, жiгерсiз болып шығады, етпетiнен жатып ұйықтаса – ойшыл болады.

  • Балаға асық етiн мүжiтпейдi. “Алты жыл аш болсаң да, асық етiн мүжiме” деген бар.

  • “Бойы өспей қалады” деп, жас балаға бұғана ұстатпайды.

  • Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгiсi.

  • Есiктiң тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бетiн, екi алақанын, екi табанын жуса, тәуiр болып кетедi.

  • Қалы үлкейiп кетпесiн деп, қалымен туған балаға “Қалдыгүл, Қалдыбай” деп ат қояды.

  • Әйел итке тас лақтырса – үйдiң ырысы кетедi, әйелдiң бағы қайтады.

  • Аты сүрiншек болады деп балаға төстiң сүрiншегiн жегiзбейдi.

  • Жеңiлтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.

  • Келiн атасы мен енесiнiң төсегiне отырмайды.

  • Толғағы қатты болады деп екiқабат келiншекке толарсақ жегiзбейдi.

  • Жас босанған әйел 40 күнге дейiн қолын суық суға малса – баласы тас бауыр болады.

  • Бөбек мезгiлiнде еңбектемесе – оның бауырынан тағам толы табақ өткiзедi, сонда тез еңбектеп кетедi.

  • Сәбидiң тiлi мезгiлiнде шықпаса – нағашысының үйiнен апарып, бiр қойды сойдырып, соның көтеншегiмен буындырады.

Бірінші Нұрсұлтан Назарбаев... екінші Қайрат Нұртас
Жер ғаламшарындағы ашылмаған сырлар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу