Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Жер ғаламшары толық түсіндіру мүмкін емес тылсым сырлы дүниелерге бай екенін барлығымыз білеміз. Жер бетіндегі құпиясы мол аймақтарды кім және қандай себеппен салдырғанын білуге асығамыз. Орыс жазушысы Белинский айтып кеткендей, адам дүниедегі ең қызыққұмар жан. Мұны, әсіресе, зерттеуші ғалымдар мен оқымыстылардың іс-әрекетінен байқауға болады. Сонымен, олардың жасаған зерттеулерінің қандай нәтиже бергенін көрейік. Ғаламның сырға толы нысандары туралы бірқатар ақпараттар ұсынуды ұйғардық.
1. Гиза пирамидасы және Сфинкс (Египет) бізге перғауын жерлейтін орын ретінде белгілі. Әйткенмен, оның құрылысы, жазу түсініктемесі, символ мағынасы, салынған уақыты әлі күнге дейін құпия. Гиза пирамидасын ғалымдар осы уақытқа дейін мысырлықтар жан саулық үшін салған құрылыс деп есептеген.
2. Стоунхендж (Ұлыбритания). Қазіргі кезде Стоунхендж ескерткішінің атағы шарықтап тұр. Ол ағылшынның Уилтшир аймағында орналасқан. Стоунхендж біздің заманымыздан бұрын 2500 жыл бұрын тұрғызылып, 1400 жылы қайта жөндеуден өткен. Осы күнге дейін арнайы маман иелері көне кітап бумаларын ақтарып, ізденіс жұмыстарымен айналысып жатыр.
3. Пасха аралы (Чили) Рапа-Нуи және Исла де Паскуа деген атпен мәлім. Тынық мұхитының оңтүстік-шығыс бөлігінде полинезиялық аралдың жарты аймағында орналасқан. Оның әйгілілігі Рапануи жұрты жасаған ірі көлемді мүсіндерімен байланысты. Олардың салмағы – 86 тонна. Қазіргі уақытта басты мүсін Рана Паракуда жерінде, ал қалған ескерткіш тастары аралға тас платформасы ретінде жайғастырылған.
4. Баальбек – Ливан мемлекетінің шығыс бөлігінде орналасқан қала. Біздің заманымыздан бұрынғы 337 жылы финикиялық гректер билік жүргізіп жатқан кезде гүлденген. Бұл қала император Август үстемдігінде Рим мемлекетінің колониясы болды. Римдіктер 300 жыл бойы үш ғибадатханадан тұратын ірі «ансамбль» салған. Оның айналасындағы қоршау қабырғасы қолдан пішіп істелген алып тастардан қаланған. Баальбек қаласының оңтүстік шыға берісінде ойып алынған тас карьері бар.
5. Мачу-Пикчу (Перу)– Инк империясының тәуір сақталынып қалған қаласы. Ол Анд тауының жоғары шатқалында. Осындай табиғи орта Инк империясын испандық конкистадор қаупінен аман сақтап қалуға көмектескен. Құрылыс шеберлері тас кесектерін бір-бірімен тығыз жабыстырып орналастырған. Сәнгерлер стильдік жанрын одан бетер нақыштап, аса мықты талғампаздықпен таңдалған текстураларды бір беткей етіп үйлестірген. Қазір де ғибадатханалардың қираған үйінділері, екі қабатты үйлер мен қоймалар сақталған. Оқымыстылар Мачу-Пикчуді біздің дәуірімізден 1450 жыл бұрын салынғанын дәлелдеді. Көне қаланы 1911 жылы америка ғалымдары Оңтүстік Америка еліндегі асқар тау баурайына жасаған экспедиция кезінде кездейсоқ ашқан.
6. Наска сызығы әлемдегі ең үздік геоглифтер топтамасы болып саналады. Бұл суреттер 300-ге жуық жан-жануарлар мен құстардың геометриялық сызықтар арқылы салынған бейнелерінен тұрады. Наска сызықтары алып далада созылып жатқандықтан, оны тек тікұшақпен жоғары шығып қана көре аласыз.