Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Голливуд белгісі Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласында орналасқан. Белгі әу баста жаңа тұрғын үйлерге жарнама жасау мақсатында 1923 жылы қойылған. Тау үстіндегі ақ әріптер бүгінде әлемге танылып, АҚШ киноөндірісінің символына айналып кетті. Ол теңіз деңгейінен 491 метр биіктікте Маунт-Ли атты тауда орналасқан. Голливуд – қаладағы ауданның аты. Бұл ауданда көптеген киностудия орналасқан. Әлемге танымал актердің көбі осы ауданда тұрады. Голливуд белгісі алғашында әлемдік армандар фабрикасы мағынасынан мүлде басқа мақсатта, Лос-Анджелестің тұрғындар қалашығының жарнамасы ретінде орнатылған. Ал әріптер саны бірнешеге көп, яғни HOLLYWOODLAND болған. Жоспар бойынша бұл маңдайша біржарым жылдан соң шешілуі керек еді, алайда киноиндустрияның сол ауданда қарқынды дамуының нәтижесінде белгіні қалдыруды жөн көрген.
Алыстан мұнартып көрінетін алып белгіні бір көруді арман ететіндер аз емес. Ол қойылғаннан бері қызықты да қайғылы оқиғалардың куәсі болды. Белгіні заманға сай қауіпсіздік жүйесі күзетіп тұр. Дегенмен түрлі ауа райы белгіге сызат түсірмей қоймады. Уақыт өте Hollywood белгісіндегі әріптер құлай бастаған. Қайта қалпына келтіру үшін 1978 жылы «Плейбой» журналының негізін салушы Хью Хефнер әріптер аукционын ұйымдастырған. 9 демеуші 27 мың 777 доллардан шығарып, әріптерді 250 мың долларға ұзаққа шыдайтын австралиялық боллаттан құйдырды. Бұл аукцион үш айға жуық өткізілген. Нәтижесінде, америкалық рок-музыкант Эллис Купер «О» әріпін қалыпына келтіруге демеушілік етсе, Джин Отри мен Пол Уильямс «L» және «W» әріптерін қалпына келтіруге демеуші болған.
Белгінің әлем бойынша көптеген көшірмесі бар. Мысалы, Қазақстанның Өскемен қаласындағы Аблакетка тауында теңіз деңгейінен 522 метр биіктікте "Қазақстан" деген алып жазу тұр. Өскемен қаласының әкімдігі бұл жазуды жасырын қалуды жөн көрген екі компания орнатып бергенін айтады. Бұндай белгі Көкшетау қаласында да бар. Ол 2012 жылы орнатылған.