Алтынды жеуге болады
Бағалы металл алтынның жеуге жарамды түрі де бар екен. Азияның кейбір елдерінде алтынды жеміс-жидек жанына, кофе мен шайға қосып береді. Адам ағзасында шамамен 0,2 миллиграмм алтын бар десе сенесіз бе? Ия, алтын әсіресе, қан құрамында басым. Таза алтын өте жұмсақ болып келеді. Иілгіштігі сонша одан тіпті тігін жібін жасауға да болады. Жіп түріне келтіру үшін бір унция (28,35 г) алтынды 50 мильге (80,47 км) дейін созуға болады.