Дубай әміршісі қолдан жасаған арал

Oinet.kz 06-11-2019 1360

Қолдан жасалған арал.jpg

Дубай әміршісі шейх Мұхаммед Әл- Мактум Парсы шығанағындағы "The World" жасанды аралдарының Антарктида аймағынан атақты спортшы Михаэль Шумахерге бүтін бір аралды сыйға тартты.

Ол жерден Шумахер көп ұзамай өзіне үй соғып алды. Аралдың құны 2006 жылы 7 миллион долларға бағаланған. Алайда, онда моторлы қайық немесе тікұшақ арқылы ғана барады.

"Формула-1" спортының 7 дүркін чемпионы Михаэль Шумахер салған үй осы жасанды аралдағы ең алғашқы нысан болды.

Одан кейін мұндағы аралдарға сұраныс арта түсті. Онда адам қолымен 300 арал жасалған. Ол алты құрлық үлгісінде көрінеді. Сондықтан, әр адам өз елін таңдаса болады. Мәселен: Ағылшын бизнесмені Ричард Брэнсон Ұлыбритания аралын сатып алса, Анджелина Джоли Эфиопия аралын сатып алған.

Жасанды аралдың құны 4,5 миллион доллардан 38 миллион долларға дейін барады. Жалпы, бұл аралдарды ғалымдар енді 800 жылдан кейін ғана су астына кетеді деп отыр. Бұл Парсы шығанағының соңғы 100 жылда көтерілген су деңгейіне байланысты есептелген екен...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қашаннан бастап 1 тәулік 25 сағатқа созылатыны белгілі болды
Сергей Брин. Атақты «Google» іздеу жүйесінің авторы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу