Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Бүгінде Антарктида мен Арктика жағалауларында жүзіп жүрген 100 000 айсберг бар десек, оларды еріткен жағдайда қазір жер бетіндегі бүкіл адамзат қолданатын таза ауыз судан екі есе көп су алған болар едік. Ендеше, айсбергтің суі неліктен таза? Өйткені, олар мыңдаған жылдардан бері жүзіп келеді. Әрі мұзтаулар жүзіп жүрген жерлерде климатты ластайтындай ештеңке жоқ.
Бүгінде Айсбергтің таза ауыз суын ішуді армандайтындар көп. Алайда, бұл жұмыстарды алғашқылардың бірі болып Канада жүзеге асырды. Олар Ньюфаундленд аралы маңында ұзақ жылдар жүзіп жүрген мұзтаудан теңіз жағалауында тұратын шағын провинцияға таза су тартып отыр. Тіпті, бұл айсбергті жергілікті кәсіпкерлер қазір бизнес түріне де айналдырып алған.
Мәселен: Канада дүкендерінде «Iceberg» деген атпен белгілі спирттік ішімдіктер сатылады. Ол әлемдегі ең таза айсберг суына спирт қосылып жасалатын болғандықтан оны шығарушы компания "Біздің арақтар әлемдегі ең таза арақ, өйткені сіз 12 000 жыл бойы келе жатқан судан дәм таттыңыз" деп әзілдейді екен. Алайда, Канадалықтардың сөзінің жаны бар. Себебі, Ньюфаундленд аралы маңындағы мұзтаулардың жасы 12 000 жылды құрайды...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан