Антарктида кұрлығында орналасқан қала
Мұз материгінің де өз астанасы бар. Бұл Антарктиданың солтүстік жағалауында орналасқан шағын Мак- Мердо қаласы. Мұнда жазда 4000 мыңға дейін, қыста 1600 адам тұрады. Қалашық АҚШ- тың иелігінде. Себебі, бүгінгі таңда бұл құрлықты тиісті дәрежеде зерттеп жатқан осы ел.
Алайда, Антарктида материгі бүтіндей бір елдің құрамында емес. Онда жерді иемденуге, игеруге, әскери база салуға тыйым салынған. Мұндағы адамның жүруі тек зерттеу жұмыстарына арналған.
Қазір Антарктидаға жылына 30-40 мың турист барады. Олар үшін аэродром да салынған. Бірақ, туристер онда бару кезінде алдымен 60-70 градусқа шыдайтын арнайы киім сатып алуы керек. Оның бағасы 50 000 доллардан асады.
Мұз материгінің бар екендігі Еуропалықтарға ортағасырларда белгілі болды. Оңтүстік жарты шарға дейін өткен Норвег, Голланд теңіз зерттеушілерінің саяхаттары көбіне Дрейк бұғазынан, Отты жер аралдарынан аяқталып жатты.
Тек, 1820 жылы Антарктида жағасына жеткен Фадей Белленсгаузен мен Михаил Лазаревтің экспедициясы мұз материгін алғаш көзбен көрген адамдар болды.
Алайда, теңіз зерттеушілері Белленсгаузен мен Лазарев тобы Антарктида құрлығына түскен жоқ. Мұнда адамның алғашқы ізі 1895 жылы Норвег саяхатшысы Хенрик Иоган Булляның сапарында жасалды. Міне, осылай кемеден түсіп, мұз материгіне алғаш аттаған Норвегиялықтар еді. Осы кезден бастап мыңдаған жылдар бойы адам аяқ баспаған бүтін бір континент зерттеле бастады...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан