Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
1909 жылы Солтүстік полюсті алғаш ашқан Американдық зерттеушілер Роберт Пири мен Метью Хенсонның қасында болған төрт Канадалық эскимостың аты мүлдем аталмайды. Алайда, Гренландия аралына дейін кемемен барған Роберт Пириге ары қарай эскимостардың бұғыға жегілген арбасы мен иттері болмағанда Солтүстік полюске жету мүмкін болмайтын еді.
Себебі, ол кезде қазіргі заманға мұзжарғыш кемелері болған жоқ. Осының арқасында күніне 50 шақырым жүріп отырған Роберт Пиридің экспедициясы Солтүстік полюске 1909 жылдың 6- сәуірінде жетіп, АҚШ-тың жалауын тікті.
Роберт Пири тобы Солтүстік полюсте 30- сағаттан артық болды. Олар онда тарихта алғаш рет жердің солтүстік шыңының мұз үстінде екендігін анықтады. Суретке де түсті. Пири тобы бұл жерге күндіз жеткен. Оның қайтуы да күндіз орын алды. Яғни, экспедиция Гренландия жағалауына қайтып келгенде шілде айы болатын.
Бірақ қараңғы түспей әлі де күн бозарып тұрды.
Бұл Роберт Пиридің солтүстік полюске поляр күні барғандығын көрсетеді. Яғни, солтүстік полюсте 6- ай дала жарық, 6- ай қараңғы болып тұрады. Ал, 1958 жылы Американдық "Наутилус" сүңгуір қайығы Солтүстік полюстің нақты координаттары мен тереңдігін анықтады. Ол 4231 метрге тең екен...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан