Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Кэрол Йегер - әлемдегі ең толық әйел.
Тарихтағы әлемдегі ең семіз адам - американдық Кэрол Йегер, оның максималды салмағы 727 келі. Ол жер бетіндегі ең семіз әйел. Кэрол 1960 жылы американдық Флинт, Мичиган штатында дүниеге келген. Кішкентай қыз өз құрдастарының арасында ірі дене пошымымен ерекшеленген. Оның толықтығының басты себебі - айрықша тәбет. Кэрол кішкентай кезінде жақын туысының тарапынан қорлық көріп, стресске ұшырайды. Ол сол сәттен бастап күйзелістен семіре бастаған.
20 жасында Кэрол Йегердің салмағының ауырлығы сонша, ол өз аяғындла тұра алмай қалады. Қыз төсек тартып жатып қалады, тіпті ең қарапайым қимылдарды да жасай алмайды. Хизердің қызы мен фельдшерлер оған қамқорлық жасайды. Күн сайын оның жағдайы ауырлай береді. Нәтижесінде Кэрол американдық танымал диетолог Ричард Симмонс пен шоумен Джерри Спрингердің шоуына тап болады. Кэролдың бағдарламаға келуі шоудың рейтингін едәуір көтереді. Ал ақы ретінде Кэрол тегін ем алады. Алайда кейіннен шоудың Кэролға ешқандай көмек бере алмиағаны белгілі болады.
Осы арада Кэрол өз денсаулығы үшін шынайы арпалысқа түседі. ол бірнеше рет госпитализацияланады. Кейде жағдайы күрт нашарлап кетіп жатады.
1994 жылы тағы бір госпитализациядан кейін Кэрол Йегер қайтыс болады. Ол 34 жасында қайтыс болады. Ол қайтыс болғанда салмағы 545 келіні құрайд. Ең семіз әйел Флинт қаласындағы жеке зиратқа жерленді.