23 қазан - қазақтың қаһарман қызының туған күні
Бүгін 23 қазан қазақтың қаһарман қызы, кеңес одағьның батыры Мәншүк Мәметованың туылған күні. 1922 жылы дәл осы күні дүние есігін ашқан Мәметова, бүгінде 97 жасқа толар еді.
Мәншүк (шын аты Мәнсия) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында дүниеге келді. Жастайынан ата-анасынан айырылған Мәншүк, тағдыр тауқыметін бала кезден бастан кешірді. Алматыда тұратын ағайындарының қолында тәрбиеленді. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол медицина институтында оқып, білім алды. Ол 1942 жылы өзі сұранып майданға кетіп, 21-атқыштар дивизиясында болды. Алғы шепте айқасқа түскен алғашқы күннен-ақ қаруластарын қайсарлығымен, табандылығымен, ержүрек батылдғымен қайран қалдырды. Невель қаласын қорғау кезінде Мәншүк ақырғы демі таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен каза тапты. Оның касық каны қалғанша қарысып бақкан кас ба-тырлығы мен өмірдей асқақ өлімі соғыс даласында да, «еңбек майданында» да әрбір отаншыл азаматтың жүрегінде ерлік жыры боп жаңғырып, жеңіс — жалауын тезірек желбіретуге жігерлендіре түскені хақ. Сол кезде Павлодар облысының колхозшылары даңқты пулеметші қыздың есімін есте қалдыру құрметіне Мәншүк Мәметова атындағы танк полкін жасақтауға қажетті ақша жинады. Бертініректе, әйгілі режиссер-қоюшы А.Михалков-Кончаловский «Мәншүк туралы ән» кинофильмін түсірді.