Жұлдыз-жорамал: 21-27 қазан

Oinet.kz 23-10-2019 1692

Screenshot_1.jpg

Тоқты ұнамсыз қатынастардан бас тартасыз. Жалған айтып, ақталудың қажеті жоқ. Туындаған жағдайдың өзі сіз үшін ең керемет жолмен шешіледі. Сонымен қатар жұмысыңызда қызықты мүмкіндіктер пайда болады. Ол ісіңіздің жаңа бағыты, жаңа компаньондар болуы мүмкін. Бұл - жаңа тиімді таныстықтар мен қолға алған ісіңіздің нығаюының кезеңі. Маңызды кездесулер орын алады. Сізді қуантатын уәде беріледі. Алайда белгілі бір уақыт күткеніңіз сіз үшін сынақ болмақ. Достарыңыздың бастамасымен күтпеген кездесулер мен бас қосуларға барасыз, жақын досыңызбен бірге жол жүруіңіз мүмкін. Жеке өміріңіз еш өзгеріссіз. Басы бос Тоқтылар керемет сезімдерді бастан өткереді. 

Торпақ қиын жағдайда болады, өйткені таңдау жасауға мәжбүл болады. Көбінесе бұл жеке қарым-қатынасқа немесе жұмысқа қатысты болады. Серіктестің немесе бір қызметкердің шабуылына әрдайым батыл түрде қарсы тұру керек болады. Көбісі жасы үлкен туысқанымен қақтығысады. Бұл күндері көзін, көз жанарын қорғассын. Ауыр жұмыс, спорттың ауыр салдары болуы мүмкін. Көбінесе қолмен жұмыс істеп, қимылдауға тура келеді. Достармен қарым-қатынаста сәл кідіріс бар. Барлығы сіз туралы әдейі ұмытып кеткен сияқты сезім туады. Ешкім қоңырау соғып мазаламайды, ештеме өтінбейді. Бұл қайғылы ойларға себеп болады. Сапарға шығу, саяхат қолайлы болады. Кәсіби жұмысқа орналасудың жаңа идеясы пайда болады. Сәл ырымшыл боласыз, кішкене нәрселерге назар аударып, не болып жатқанын егжей-тегжейлі салыстырасыз. Қаржыға қатысты барлық мәселеге сенімділік  жетіспейтін болады. Ақша жағынан тіпті сырттан келген адамдар да көмектеседі.

Егіздер маңызды оқиғаға қатысқыңыз келмегеніңізді жеңе аласыз. Көптеген пайдасыз кездесулер, мәні жоқ әңгімелер мен қысқа сапарлар күтілуде. Өзіңізді жиі шаршаңқы және жалғыз сезінесіз. Бұрынғы көрші, әріптес немесе досыңыз наразы  болады. Басқалардың дәлелдеріне келісіп, өз қателіктеріңізді мойындауға тура келеді. Жұмысыңызда тырысып баққаныңыздың нәтижесі ретінде көптен күткен жақсы өзгерістер орын алады. Материалдық сыйақыға кенелесіз. Егіздердің көбі шаруашылық істермен айналысады. Көп уақытыңызды тұрмысқа жұмсайсыз. Гардеробыңызды жаңартып, қымбат, әрі үлкен зат сатып алуыңыз мүмкін. Досыңыздан орасан үлкен сыйлық алып қаласыз. Ойланатын да дүниелер көп болады. 

Шаян мүлдем танымайтын адамды қорғауға қабілеттісіз. Өзгелер әлі де мойындамаған дүниелерді саналы түрде ұғынасыз. Өзіңіздің қыңырлығыңыз бен жағдайды жете түсінбеуіңіздің әсерінен жақын адамдарыңыздың арасында түсінбеушіліктер мен араздық туындауы мүмкін. Сонымен қатар сіздің жағдайыңызды ашық пайдаланғандармен де сенімді қарым-қатынас орнатуға тырысасыз. Жұмысыңызда бәрін үлгеріп, бақылауыңызға аласыз. Кәсіби ортада кездескен жандардың ниеті мен іс-әрекеттерін алыстан танисыз. Тұрмыстық жағдайыңыз болмашы нәрсемен толығады. Қонақ күтесіз. Есте қаларлық, жағымды бас қосулар болады. Қаржылық жағдайыңыз біраз тұрақтанады. Жеке өміріңізде сенімділік пен тұрақтылық маңызды екенін ұмытпаңыз. 

Арыстан біреудің нұсқауымен жүрмейсіз. Сіздің қыңырлығыңыз наразылық жағдайлар тудыруы мүмкін, әсіресе – жұмыста және жат жандармен. Денсаулығыңызға байланысты келеңсіз сәттер болуы мүмкін. Кішігірім жарақаттар, суық тию және ұйқыңыздың бұзылуынан көрінеді. Үлкен аға-буын туыстарыңызбен қатынасыңызға алаңдайсыз. Жағдайдың материалдық тұсына келгенде екі тараптан да наразылықтар туады.  Сондықтан да қатаң қағиданы ұстанғанша, көне салғаныңыз абзал. Жұмыс орныңызда кішігірім жөндеу жұмыстары, интерьерді жаңалау күтілуде. Асыққан -  шайтанның ісі. Асығып бармағыңызды тістеп қалуыңыз мүмкін. Бұл сәнді киім, әшекей, аксессуарлар сатып алғаныңызбен байланысты. Жеке өміріңізде тәуелді болудан қашасыз. Жағымды сапар орын алуы мүмкін. 

Бикеш шала таныс компоньондарыңыз ұсынған алдамшы жаңалықтарынан еш өкінбей бас тартып, уақытыңызды жақын туыстарыңыз бен белгілі істеріңізге арнайсыз. Бұл жалған, көз байлау дүниелерден бас тарту кезеңі болмақ. Алайда өз қағидаларыңызды ұстануға жетерліктей негіздер болады. Көптеген кездесулер, қарбалас және кәсіби қатынастардан шаршағанда жаныңызға жақын сырласыңызды іздейсіз. Алайда тағдыр сіз сенім білдірмейтін адамдармен кезіктіріп шыдамыңызды әбден сынайды. Көптеген Бикештер өткен бұрынғы келісімдерімен сапарға шығуды жоспарлайды. Кейбір Бикештер кәсібіне байланысты қиын бағдарламалармен танысады. Осы аптадағы танысулар айтарлықтай маңызды болады. Жеке өміріңізде өзгерістер орын алуы ықтимал.

Таразы сіз ұзақ уақыт бойы жауапты болған жағдай осы сәтте өміріңізге мазасыздық әкеледі. Өзгелердің, әсіресе жасы кіші, сізге тәуелді адамдардың да өміріне әсер ететін маңызды шешім қабылдау керексіз. Айналаңыздағылармен қарым-қатынаста әрдайым кәсіби қабілеттеріңізге сүйенесіз. Бұл өз шамаңызды дәлелдеуде және қажетсіз сұрақтар қойылғанда көмектеседі. Құпия жаңалықтардан  хабардар боласыз. Бұл кезеңде тиімді пайдалануға болатын құнды ақпараттың иесі боласыз. Тұрмыз жағдайыңыз айтарлықтай үлкен энергетикалық шығындарға алып келеді. Басты мәселеңіз - қолда барыңыздан айырылып қалмау. Сіздің дәрежеңізді пайдаланатын адамдарға жеңіл-желпі уәделер бермеңіз. Қысқа сапарлар күтілуде. Алыс туысыңызбен кездесуіңіз мүмкін. Жеке өміріңізде бәріне ұнамды боласыз. Алайда жүрегіңіз енді бос емес. 

Сарышаян жомарттылық пен аңқаулықтан адасыз. Алайда айналаңыздағылар бұл туралы біле бермейді. Көңіліңіз қалмас үшін өзге адамдардың іс-әрекеттерін сынайтын боласыз. Сіздің мұндай жасырын әрекеттеріңіз қуанышыңызға орай дұрыс болып шығады. Іскер ортада еш қателеспей, кәсіби тұрғыда да жемісті боласыз. Тіпті кей Сарышаяндар мансап жолымен биікке өрлесе, кейбіреуінің жалақысы өседі. Қызықты шараларға қатысушы болып, сыйлық, сыйақы алуыңыз да әбден мүмкін. Табиғатта серуендеу, достарыңызбен қысқа, әрі жиі кездесулер жағымды болмақ. Туыстарыңызбен, әсіресе кіші бауырларыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Тиімді сапардың мүмкіндігі туады, ал жасы үлкен Сарышаяндар қоныс аударуы мүмкін. Жеке өміріңіз еш өзгеріссіз, тосынсыйсыз. Бәрі айнадай айқын. 

Мерген дау-жанжалдан бас сауғалап, жаны тыныш болу үшін басқа жаққа қашады.Бар мүдддесі жеке жоспары мен міндеттеріне бағытталады. Сізді үнемі басқа адамдармен жанжалдарға кірістіреді. Біреу-міреу әрқашан сіздің қолдауыңызға мәжбүр болады, өйткені ол оған тиімді. Сіз өзіңіздің жеке мүдделеріңізден бас тартпау үшін, бейтаныс адамдармен араласпай, шешен, идипломатия мен икемділікті пайдалануыңыз керек. Беделді серіктестердің арасында маңызды оқиғаны талқылауыңыз мүмкін. Туыстармен кездесу күтілуде. Көбісі мөр басылатын құжаттармен айналысады, яғни бірқатар құжат рәсімдейді. Қалыптасқан жағдай сізден көп күш пен адалдықты талап етеді. Кейбіреулер мұрагерлік, мүлік, белгілі бір материалдық құндылықтар мәселелесімен айналысады. Күтпеген жерден шығын шығарасыз. Сізге жақын адам қолдау көрсетеді. Жеке өмірде жағымды жаңалықтар бар. Бірақ, неге екені белгісіз, ол сізді аса қуантпайды. 

Тауешкі күнделікті күйбің тірліктен шаршайды, жалығады. Мереке,  мейрам жетіңкіремейді. Бәлкім, сезім бе, эмоция аз.... Көбісінің жағдайы жақсарады. Бір ескі досыңыз сізбен кездескісі келіп, іздейді. Жағымды сыйлық, біреумен жақын әңгіме күтілуде. Сонымен бірге сізді достарыңыздың немесе әріптестеріңіздің бірінің өміріндегі оқиғаға байланысты отырыс болады. Шығын шығарасыз. Дегенмен ақша да түседі. Оған қатты қуанасыз. Бұл  аптада сіз көбінесе өткен тәжірибемен байланысты күнделіктітұрмыстық мәселелермен айналысасыз. Қажетті практикалық дағдымен қысқа мерзімде дайындық болуы мүмкін. Ол басқаларға тың болады мысалы, тіл үйрену. Сумен байланысты қысқа сапар орын алуы мүмкін. Еркек туыстан жақсы жаңалық келеді. Талқыланатын және жағымды нәрсе болады. Жеке өміріңіз көптеген құпияға толы болады. Кейде қызғанышқа бола ұрыс-керіс болуы мүмкін. Бойдақ тауешкілердің осы аптада өмірі тыныш өтеді. 

Суқұйғыш өзі сенетін дүниені қызғыштай қорғайды. Өміріңіздегі бетбұрыс кезеңнің алдында тұрсыз, оны қазірден бастап бақылауды қолға алыңыз. Жоспар өзгеріп, әрекеттеріңіз болашаққа шабыт беретін бастама болады. Қалыптасқан жағдай талпынысыңызға ықпал етеді. Біреумен одақтас суқұйығыштарды сәттілік күтіп тұр. Жалпы, жақын серіктесіңіз болса, ойлап жүрген нәрсені шығынсыз, пайдамен жүзеге асыра аласыз. Бұл апта артық кемнің орнын толтырып, керек жоқ заттан, дүниеден арылатын уақыт.  Көбісі өмір жағдайының өзгеруін және тіпті басқа жерге көшуге талпынады. Кез-келген жолмен болса да өмір салты өзгереді. Жақында қатты өкінген нәрсе сізге тағы да қол жетімді болады. Бірақ сіздің енді оған деген  қызығушылығыңыз жоқ. Жұлдыздар сізге жалғыз отырып жақсылап пайымдауға кеңес береді. Ал өзгенің кеңесінің қажеті жоқ .Материалдық аспект сату-сатып алу идеясына тікелей байланысты болады. Бұл көптеген суқұйғыштардың өміріндегі басты оқиға болады. Жеке өмір тұрақтылық бар.   

Балық жалғыз қалғысы келмейді. Балықтарға үнемі қолдау қажет. Байланыс, ақпарат алмасу, басқа адамдардың өміріне қатысу қажет. Сіз бұған кәсіби қарым-қатынаста оңай қол жеткізе аласыз.Басқа біреуді шаршататын нәрсені сіз қуанышпен қабылдайсыз. Іскери келіссөздер, алдағы жоспарларды, жаңа жобаларды талқылау қызықтырады. Достық қарым-қатынаста бұл біршама қиын болмақ. Өйткені қазір сіздің айналаңызда емес, сіздің жақын ортаңызға байланысты оқиғалар болады. Біреу сізбен қарым-қатынасты азайтады. Сапарға шығуыңыз мүмкін. Ал біреу өз мәселесімен айналысып, басқа нәрсеге қолы тимейді. Қаржы жағы ақырындап қалпына келеді. Белгілі адам қарызын қайтарады. Денсаулықты нығайтумен айналысқаныңыз жөн. Жеке өмірде сарғайып күту бар.

дереккөз: ktk.kz 

Шараптың шығу тарихы
Қонаев Нобель сыйлығына ұсынылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу