Өмірінде ергежейлі де алып та болып үлгерген адам
Австриялық Адам Райнер - өз өмірінде ергежейлі де алып та болып көрген жалғыз тарихи адам. 21 жасында оның бойы небәрі 118 см болды, бірақ содан кейін ол белгісіз себептермен қатты өсе бастады, ал 32 жасында бойы 218 см-ге жетті. Осындай ауытқулардың салдарынан ол қалған өмірінде төсекке таңылып, 1950 жылы 51 жасында 234 см боймен қайтыс болады.