«Маша мен аю» мультфилмі туралы қызықты деректер

Oinet.kz 15-10-2019 2247

Screenshot_8.jpg

Балалардың сүйікті кейіпкеріне айналған Машаны алты жасар кішкентай бүлдіршін Алина Кукушкина дыбыстаған екен. «Ол кезде бұл мультфильмнің осыншалықты ауқымды жоба болатынын білген жоқпыз. Тек кастингке қатысудың өзі бізге қызық көрінді», — дейді Алинаның анасы Ирина Кукушкина. Ал мультфильмнің дыбыс режиссері Борис Кутневич Алинаның зеректігін мақтап: «Әлі есімде, бізге кастингке ең алғаш Алина келген болатын. Бірақ бәрібір айналып келіп Алинаға тоқталдық. Өйткені оның ішкі жан дүниесі, мінез-құлқы Машаға ұқсайтын. Жасының кішілігіне қарамастан, бәрін тез ұғып ала қоятын пысық еді. Оның мінезінің ұқсастығы да жұмысты оңай алып кетуге көмектесті», — дейді. Мультфильм жарыққа шыққаннан кейін Алинаның танымалдылығы тіптен арта түседі. 

Оны танитындар барған жерінде Машаның даусын салып беруді өтініп сұрайтын көрінеді. Тіпті оны концерттерге, конкурстарға жүргізушілікке жиі шақыратын болыпты. Ол өзінің басылымдарға берген сұхбаттарында: «Бәрі мені Машаға ұқсатады. Тіпті «сенің айнымаған көшірмең ғой» деп таңғалып жатады. Бірақ, шындығында келгенде, Маша – менен бұрын дүниеге келген кейіпкер. 

1996 жылы режиссер Олег Кузовков Қырымда теңіз жағасында демалып жатып, — 2-3 жасар кішкентай қызды көреді. Оның тынымсыздығы соншалықты – айналасындағы адамдардың тыныштығын бұзып, әке-шешесінің демалуына мұрша бермейді екен. Міне, нағыз Маша сол қыздың бейнесінен алған. Бірақ біздің мінездерімізде ұқсастықтар бар. Мен де Маша секілді тентекпін», — дейді ол күліп.

Ал аюды дыбыстайтын адам студия ішінен-ақ табылыпты. Бұл жөнінде аюдың даусын дыбыстаған дыбыс режиссері Борис Кутневич: «Аюдың даусын дыбыстайтын уақыт келген кезде біз әртүрлі актерлерді шақырдық. Бірақ оларға ойымыздағы кейіпкердің мінез-құлқын барынша айтып түсіндіргенімізбен, ештеңе шықпады. Олар қалай тырысып бақса да, әйтеуір, бір нәрсе жетіспейтін еді. Бірде мен актердің дыбыстағанына шыдай алмай, өзім көрсеттім. Дауы пен кейіпкердің үйлесімділігін байқап қалған көркемдік жетекшіміз сонда маған: «Қанеки, микрофонға жақында», — деп, іздегенін тапқанға қуанған еді. Мінеки, сөйтіп, аюды аяқ асты дыбыстадым».

Өте қажетті кезде немесе шыдамы жетпей кеткен кездерде болмаса, аю мультфильмде көп сөйлемейді. Бұл туралы дыбыстаушы Борис: «Әр жаңа серия сайын біздің аз-аздан даусымыз шыға бастайды. Негізі, мен үшін аю – Чарли Чаплин секілді кейіпкер: көп козғалады, бірақ сөйлемейді», — дейді ол.

Үй тапсырмасы деп ойлап, ең қиын математикалық есепті шешкен
Қандай мемлекет теңіздегі тастанды әскери платформада орналасқан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу